Алматы 2-ЖЭО-ны қайта жаңарту және кеңейту. III кезек. №8 станцияның қазандық агрегаты

Алматы 2-ЖЭО-ны қайта жаңарту және кеңейту

Жобаның атауы:

  • Алматы 2-ЖЭО-ны қайта жаңарту және кеңейту. III кезек. №8 станцияның қазандық агрегаты

Жоба сипаттамасы:

  • №8 бу қазанын салу

Мақсаты:

  • Алматы қ. жылумен қамтамасыз ету аймағындағы артық жылу жүктемесін жабу
  • «Универсиада-2017», «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша индустриалды аймақ пен тұрғын үй құрылысы нысандарын жылу энергиясымен қамтамасыз ету

Жүзеге асыру мерзімі:

  • 2011-2016 жж.

Жоба құны:

  • 25 381,9 млн. теңге

Техникалық шешімдер:

  • Е-420-13,8-560 КТ (ПК-100) бу қазандығы, «Подольский машиностроительный завод «ЗиО» (Подольск қ.) зауытында жасап шығарылған, бу шығарғыштығы 420 т/сағ. Қазандықтан шығатын бу сипаттамасы: қысымы 13,8 МПа, температурасы 560°С. Отын – Екібастұз көмірі.

Тиімділігі:

  • Алматы 2-ЖЭО-ның белгіленген жылу қуатын 1176 Гкал/сағ-тан 1414 Гкал/сағ-қа ұлғайту
  • Жылына 449 млн. кВтс көлемінде қосымша электр энергиясын өндіру

Жұмыс орындарының саны:

  • құрылысты жүргізу кезеңінде – 600 адам
  • пайдалану кезеңінде – 10 адам

Ағымдағы жағдай:

  • 2016 жылы 21 қыркүйекте Алматы қаласы әкімінің қатысуымен № 8 қазандықты іске қосу рәсімі өтті.

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng