Ақтөбе ЖЭО-ны қайта жаңарту және жаңғырту

Ақтөбе ЖЭО-ны қайта жаңарту және жаңғырту

Жобаның атауы:

  • Ақтөбе ЖЭО-ны қайта жаңарту және жаңғырту

Жоба сипаттамасы:

  • № 3 бу турбинасын қуатын 14 МВт-дан 30 МВт-ға дейін арттыра отырып ауыстыру

Мақсаты:

  • Ақтөбе облысындағы электр энергиясына тапшылықты жабу үшін белгіленген қуатты арттыру

Жүзеге асыру мерзімі:

  • 2010-2016 жж.

Жоба құны:

  • 3 468,1 млн. теңге

Техникалық шешімдер:

  • БТ-30/40-3,0/1,0 бу турбинасы, «Уральский завод энергомашиностроения» АҚБ-да (Екатеринбург қ.) жасалған, бір білікті, роторының айналу жиілігі минутына 3000 айналым, қуаты 30 МВт бір реттелетін өндірістік бу алатын бір цилиндрлі. Турбина алдындағы бу сипаттамалары: қысымы - 3,0 МПа, температурасы - 410°С, шығыны - 270 т/сағ.

Тиімділігі:

  • Жылына 240 млн. кВтсағ электр энергиясын қосымша өндіру
  • ЖЭО-ның белгіленген қуатын 118 МВт-ға дейін арттыру

Ағымдағы жағдай:

  • Мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Ақтөбе ЖЭО-да жаңа турбиналық агрегат іске қосылды. Жобаны іске асыру станцияның белгіленген қуатын 88-ден 118 МВт-ға дейін ұлғайтып, жылына 240 млн. кВтс көлемінде электр энергиясын қосымша өндіруді қамтамасыз етеді. 

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng