Жарық диодты шырағдандар шығаратын ұйымдар басшыларының назарына!!!

«Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) «Электрмен жарық беретін жабдықтар» сатып алынатын санаттық стратегияны (бұдан әрі – Стратегия) іске асыру аясында жарық диодты жабдықтар шығаратын ұйымдардың қатысуымен Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарында жарық беретін қондырғыларды жаңғыртуға қатысты оңтайлы ұстанымды белгілеу мақсатында кеңес өткізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.  

Кеңесте талқылауға қатысты мәселелер:

- өнім берушілердің Қоғамның ЕТҰ-ларында қайтарымсыз негізде техникалық аудит өткізуге дайындығы;

- әлеуетті өнім берушінің энергия сервистік шарт жағдайында жарықтандыруды жаңғырту жұмыстарын орындау мүмкіндігі;

- техникалық аудит жүргізу мерзімдерін келісу;

- техникалық аудит жүргізу әдістемесін және ЕТҰ-дағы жарықтандыру жабдықтарын оңтайландыру мүмкіндіктерін қарастыру.

Алдағы кеңеске қатысуға рұқсат алу үшін әлеуетті өнім берушілер Қоғамға кеңеске қатысатын кандидатуралар бойынша, сондай-ақ олардың байланыс деректері туралы ақпаратты мына электронды мекенжайға жіберуі қажет: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

Кеңеске қатысу үшін кандидатуралар ұсынатын соңғы күн 2019 жылғы 19 тамыз, Нұр-Сұлтан қ. жергілікті уақыты бойынша 19:00-ге дейін.

Техникалық аудит мәселелері бойынша кеңес өткізетін күн - 2019 жылғы 20 тамыз, Нұр-Сұлтан қ. жергілікті уақыты бойынша 10:00.

Барлық қызықтыратын мәселелер бойынша мына телефонға хабарласу қажет:

 +7 7172 69 24 47.

Категория Сатып алудың атауы Ашылуы Аяқтауылы

2019 жылы бір көзден сатып алу

САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

2019.01.08
17:32

2019 жылы бір көзден сатып алу

САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

2019.02.22
09:21

2019 жылы бір көзден сатып алу

КАБЕЛЬДІ-ӨТКІЗГІШ ӨНІМДЕРДІ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!!!

2019.03.11
09:24

2019 жылы бір көзден сатып алу

Ерікті медициналық сақтандыру қызметінің әлеуетті жеткізушілерінің назарына!

2019.03.06
12:55

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng