«Энергия Семиречья» ЖШС жарғылық капиталында қатысу үлесінің 26 пайызын сату бойынша сауда-саттық өткізетіні туралы

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы мына талаптар негізінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ға тиесілі «Энергия Семиречья» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталында қатысу үлесінің 26 пайызын сату бойынша сауда-саттық өткізетіні туралы

ХАБАРЛАМА

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы мына талаптар негізінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ға тиесілі «Энергия Семиречья» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Актив) жарғылық капиталында қатысу үлесінің 26 пайызын (бұдан әрі – Қатысу үлесі) сату бойынша сауда-саттық өткізетіні туралы хабарлайды:

Сауда-саттық өткізу тәсілі: ашық екі сатылы конкурс (бұдан әрі - Конкурс)

Конкурстық құжаттама

Конкурс өткізу тәртібін регламенттейтін конкурстық құжаттама www.samruk-energy.kz  сайтында орналастырылды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Конкурстық құжаттамамен танысуы қажет.

Конкурс өткізу тәртібі

Қатысу үлесін сату «Самұрық-Энерго» АҚ әзірлеп және сәйкесінше бекіткен конкурстық құжаттамаға (бұдан әрі – Конкурстық құжаттама) және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 31 шілдедегі №141 хаттамаға сәйкес бекіткен шешімімен «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық - Қазына» АҚ-ға меншік құқығында тиесілі ұйымдардың активтерін сатудың, қайта құрылымдаудың бірыңғай қағидасына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

Конкурс мынадай жүйелілікте өтеді:  

  • Бірінші кезең - Конкурсқа қатысу үшін Конкурстың мәні бойынша алдын ала берілетін ұсынысы бар өтінімдерді беру және қарастыру, сондай-ақ әлеуетті қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растау. Бірінші кезеңнің нәтижесінде «Самұрық-Энерго» АҚ тұлғаларды Конкурстың екінші кезеңіне қатысуға рұқсат беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды және екінші кезеңде берілетін конкурстық ұсыныстардың мазмұны мен бағалау критерийлерін бекітеді;
  • Екінші кезең – конкурстық ұсыныстарды беру және қарау, оның негізінде Конкурстың жеңімпазы анықталады.

Конкурс болжанатын баға мен Қатысу үлесін сатудың өзге де талаптарын және Қатысу үлесін әлеуетті сатып алушыны анықтау мақсатында өткізіледі, Қатысу үлесін сатып алу-сату шарты Қатысу үлесін сатып алу-сату шартын жасау үшін барлық қажетті рұқсаттар мен келісімдер берілген жағдайда ғана жасалады.

Акциялардың бастапқы бағасы: 12 580 000 (он екі миллион бес жүз сексен мың) теңге.

Кепілді жарна (Қамтамасыз ету):

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар конкурстық өтінім беру үшін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның пайдасына банктік шотқа ақшалай қаражат төлеу арқылы кепілді жарна (Қамтамасыз ету) енгізуі тиіс.  

Кепілді жарнаны (Қамтамасыз ету) енгізу үшін деректемелер:

Заңды мекенжайы: Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 15 А., «Q» бизнес орталығы.

Нақты мекенжайы: Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 15 А., «Q» бизнес орталығы.

Мемлекеттік тіркеуден өткені туралы анықтама.

07.08.2015 ж. Н/Ж.

БСН 070540008194

СТН: 620300292280

КҰОЖ коды:41073070

IBAN КZ216010131000078623 (қазақстан теңгесімен)

IBAN KZ756010131000078621 (АҚШ долларымен)  

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ № 139900 АОФ-дағы

БСК HSBKKZKX, Кбе 17

тел./факс 55-30-00/55-30-30

Қамтамасыз ету мөлшері: 1 887 000 (бір миллион сегіз жүз сексен жеті мың) теңгені құрайды.

Қамтамасыз ету теңгемен енгізілуі мүмкін, ал Қазақстан Республикасының резидент еместері Қамтамасыз ету енгізілген күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша АҚШ долларымен немесе 1 887 000 (бір миллион сегіз жүз сексен жеті мың) теңгеден кем емес балама - теңгемен енгізе алады.  

Кепілді жарна (Қамтамасыз ету) енгізілген ақшалай сома Конкурстық құжаттамада көрсетілген жағдайларда қайтарылмайтынына және «Самұрық-Энерго» АҚ-да қалатынына толық және сөзсіз келісу ретінде енгізіледі. Кепілді жарнаны (Қамтамасыз етуді) қайтару талаптары сонымен қатар Конкурстық құжаттамада да көрсетілген. 

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 15А.

Конкурсқа қатысу мақсатында жасалатын іс-қимылдардың күні мен уақыты:

  • Конкурстың бірінші кезеңінде конкурстық өтінімдерді қабылдау 2017 жылдың «04» желтоқсанында «15» сағат «00» минутта аяқталады;
  • екінші кезең бойынша Конкурстың қорытындылары 2017 жылдың «28» желтоқсанында «16» сағат «00» минутта шығарылады.

Конкурс бойынша өзге мерзімдер Конкурстық құжаттамаға сәйкес анықталады.

Алдын ала ұсыныстарды бағалау критерийі (Конкурс аясында ұсыныстарды бағалау критерийіне қойылатын ең төменгі талаптар) Конкурстық құжаттамада Әлеуетті қатысушы ұсынған Қатысу үлесі үшін белгіленген баға мөлшерінің Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі, Конкурстық құжаттаманың 8-тармағында көрсетілген Қатысу үлесін сатудың міндетті талаптарымен келісу болып табылады. «Самұрық-Энерго» АҚ Конкурстық құжаттамада белгіленген негіздер бойынша Конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қабылдаудан бас тарта алады.

Екінші кезеңнің аясында конкурстық ұсынымдарды бағалау критерийлері анықталып, бірінші кезеңнің қорытындысы шығарылғаннан кейін Конкурсқа қатысушыларға жіберіледі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Конкурсқа қатысуға ниет білдіретін тұлғалар Конкурстық құжаттамалардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Активтерге қатысты құжаттамалармен танысу тәртібі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдіретін тұлғалар Активтермен таныса алады.

Активтерге қатысты ақпаратпен танысу және деректер бөлмесіне рұқсат алу үшін Конкурстық құжаттамада көрсетілген іс-қимылдарды орындауы қажет.

Конкурстық өтінімге қоса берілетін алдын-ала ұсыныстың мазмұны:

Бірінші кезең аясында берілетін алдын ала ұсыныс Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келуі және міндетті түрде Конкурстық құжаттамаға сәйкес ақпараттан тұруы тиіс.

Меншік құқығының Активке өту шарттары сатып алушының Конкурстық құжаттамада көрсетілген алдын ала шарттарды орындау және Қатысу үлесінің барлық құнын төлеу болып табылады.

Ашық екі сатылы конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып белгіленген жағдайда әлеуетті сатып алушы:

- Конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде Сауда-саттықтар туралы хаттамаға қол қоюға;

- Сауда-саттықтар барысында, Конкурстық құжаттамада, Сауда-саттықтар туралы хабарламада, «Энергия Семиречья» ЖШС-ның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 26 пайызын сатып алу-сату шартының жобасында, өтініш беруші ұсынған немесе өтініш беруші Сауда-саттықтарды өткізу аясында келісімін берген (тікелей немесе уәкілетті өкілі арқылы) баға бойынша өтініш беруші ұсынған конкурстық ұсыныста белгіленген шарттарда Сауда-саттықтар немесе Конкурстық құжаттаманың нәтижелері туралы хаттамасымен көзделген мерзімде «Энергия Семиречья» ЖШС-ның жарғылық капиталына қатысу үлесінің сатылатын 26 пайызына қатысты сатып алу-сату шартына қол қоюға міндетті.

2017.10.31
2017.10.31

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng