Жекешелендіру

  1. ҚР Үкіметінің қаулысы
  2. Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесі /регламент/
  3. Конкурстық құжаттамасы

«Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі №194 қаулысымен (бұдан әрі - Қаулы) «Самұрық-Энерго» АҚ тобының ұйымдарын бәсекелес ортаға беру көзделді.

Қаулыны орындау үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басым тәртіппен бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын ірі активтердің тізбесін бекітті.

Тізбеге «Самұрық-Энерго» АҚ-ның мына активтері енгізілді:

  • «АлЭС» АҚ;
  • «АЖК» АҚ;
  • «АЭС» ЖШС;
  • «Тегіс Мұнай» ЖШС (оның құрамында «Маңғышлақ-Мұнай» ЖШС бар).

№ 2 тізілімге «Самұрық-Энерго» АҚ-ның төмендегі активтер енгізілді:

  • «Карагандагипрошахт и К» ЖШС;
  • «Шелек-28» ЖШС.

Активтерді сату «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы меншік құқығымен «Самұрық - Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтерін сату, қайта құрылымдау туралы бірыңғай қағидасына сәйкес (бұдан әрі - Қағида) жүзеге асырылады.

Қағидаға сәйкес, активтерді сату активтердің құнын, сату тәсілдері мен талаптарын бағалау үшін тәуелсіз консультанттарды тарту арқылы жүзеге асырылады.

Сатылатын Активке қатысты құжаттамамен танысу тәртібі.

Бәсекелес ортаға сатуға жататын компаниялардың қаржылық және өзге құжаттарына барынша толық қолжетімділік алу үшін виртуалдық ақпарттық бөлмеде (data room) орналастырылған құжаттардың электрондық базасына рұқсат алу қажет. Құжаттардың электрондық базасына рұқсат алу үшін «Самұрық-Энерго» АҚ-мен құпиялылық туралы келісім жасау, виртуалдық ақпараттық бөлмеге кіру үшін логин және құпиясөз алу қажет.

Активтер туралы қысқаша ақпарат

Р/с

Активтік атауы Меншік иесі Қызметтің түрі Орналасқан орны
1 «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ «Самұрық-Энерго» АҚ Электр энергиясын бөлу және тарату Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Манас 24б.
2  «Алматы Электр Станциясы» АҚ «Самұрық-Энерго» АҚ Электр және жылу энергиясын өндіру және оны Алматы қаласы және Алматы облысының тұтынушыларына тарату

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,

Достық д-лы,7

3 «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС «Самұрық-Энерго» АҚ Алматы қаласы және Алматы облысының тұтынушыларын энергиямен жабдықтау Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әйтеке би д-лы, 172/173
4 «Тегіс Мұнай» ЖШС, соның ішінде «МАҢҒЫШЛАҚ МҰНАЙ» ЖШС «Самұрық-Энерго» АҚ Геологиялық барлау, минералдық ресурстарды өндіру және өңдеу Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрлыбаев к-сі/Сызғанов к-сі, 31/102 үй


Қосымша ақпартты мына телефондар бойынша:

8 (7172) 55 31 34; 8 (7172) 55 30 47, сондай-ақ компаниялардың сайттарынан алуға болады:


© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng