«Батырларша» асыра орындады

«Богатырь Көмір» компаниясы көмірді шығару мен жөнелту бойынша жылдық жоспарды асыра орындады

«Батырларша» асыра орындады

«Богатырь Көмір» компаниясы көмірді шығару мен жөнелту бойынша жылдық жоспарды асыра орындады.

Жаңа жылдың қарсаңында «богатырлық» шахтерлар 45 млн.тонна көмірді жөнелтті. 41,30 млн.тонна жылдық жоспарды олар желтоқсанның басында орындады.

Компания жұмыскерлері атаулы оқиғаны Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовті қонаққа шақырумен атап өтті. «Богатырь» кенішінің әкімшілік-тұрмыстық кешенінде өткен өндірістік жоспарды асыра орындалуына арналған салтанатты іс-шарада ол жиналғандарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады және жұмыстарына табыс тіледі.

«Богатырь Көмір» компаниясының бас директоры Рустам Сансызбаев кәсіпорын жұмыскерлеріне жөнге салынған жұмыстары үшін алғыс білдірді және өндіріс озаттарына алғыс хаттар мен жаңа жылдық шағын сыйлықтар берді. Сонымен қатар, кәсіпорын басшылығы компанияның барлық қызметкерлеріне еңбекақы сомасынан жүз пайыз көлемінде сыйақы беруді шешті.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

2018.12.27
2018.12.27

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng