«Самұрық-Энерго» АҚ энергия өндіруші ұйымдарының күзгі-қысқы кезеңге дайындығы туралы

«Самұрық-Энерго» электрэнергия холдингіне қарасты энергия өндіруші кәсіпорындар 2018-2019 жж. күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге толық дайын

«Самұрық-Энерго» АҚ энергия өндіруші ұйымдарының күзгі-қысқы кезеңге дайындығы туралы

«Самұрық-Энерго» электрэнергия холдингіне қарасты энергия өндіруші кәсіпорындар 2018-2019 жж. күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге толық дайын. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз конференциясында «Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор Серік Түйтебаев мәлімдеді. Компания өкілінің сөзінше, «Самұрық-Энерго» АҚ энергия өндіру көздерінің барлығы осы уақытта Әзірлік паспорттарын алды. Холдингтің электр станциялары электр және жылу жүктемелерінің белгіленген кестесі орындалуын қамтамасыз етуде.

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС. Кәсіпорындағы 7 энергия блогінің 5-і жұмыс істеп тұр, станцияның ағымдағы жүктемесі 2 100 МВт. Қуаттылық резерві шамамен 940 МВт. (көмір қоры норматив бойынша 258,3 мың тоннаның орнына 494 мың тоннаны құрайды).

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ. Екі энергия блогі жұмыс істеп тұр, станцияның ағымдағы жүктемесі 722 МВт. Қуаттылық резерві ~220 МВт. Жөндеу компаниясы аяқталды. Отынның нормативтік қоры жасалған.

«Мойнақ СЭС» АҚ. Станция Алматы облысындағы Шарын өзенінің сағасында орналасқан. Ол жасалған келісім-шарттарға және бекітілген тәуліктік кестелерге сәйкес тұтынушыларға электр энергиясын жібереді, сондай-ақ Жүйелік оператордың бұйрығы бойынша реттеу режимін 80-нен 300 МВт-қа дейін қамтамасыз етіп отырады. Су агрегатының екеуі де жұмыс істеп тұр.

«Шардара СЭС» АҚ. Станция Түркістан облысындағы Сырдария өзенінің сағасында орналасқан. Кәсіпорын екі су агрегатын пайдаланып, 43 МВт жүктемемен штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Станцияда өзінің мерзімінен екі есе көп қызмет еткен жабдықты жаңарту бойынша ауқымды жоба іске асырылуда. Станцияны толық жаңғырту жобасы бойынша №1 және №2 су агрегаттары ауыстырылуда. Толық жаңғыртудан кейін ү.ж. желтоқсанда бірінші су агрегаты іске қосылады деп күтілуде. Жаңғырту жобасы аяқталғаннан кейін станцияның белгіленген қуаты 100 МВт-тан 126 МВт-қа артады.

«Богатырь Көмір» ЖШС.

Екібастұз қаласында орналасқан көмір өндіруші кәсіпорын 2018-2019 жж. жылу беру маусымына дайындық аясында тапсырыс берушілердің барлық сұранысын орындады. «Богатырь» кенішінен алынған қатты отынның 80 процентке жуығы электр энергиясы мен жылу өндіру үшін республиканың энергия өндіруші кәсіпорындарына жіберілді. Компанияның Қазақстандағы негізгі тұтынушылары қатарында: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, Алматы және Степногорск ЖЭО, «Қарағанды Энергоорталық» ЖШС (ЖЭО-1, ЖЭО-3), «СевКазЭнерго» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ (ЖЭО-1, ЖЭО-2), «Көкшетаужылу» МКК, «Павлодарэнерго» АҚ, «Bassel Group LLS» ЖШС (Теміртау қаласы). Тұтас алғанда, «Богатырь Көмір» ЖШС-ның кеніштерінде а.ж. 10 айда өндірілген көмірдің көлемі 36,5 млн. тоннаны құрады. Бұл ретте компания осы күнге дейін 39 млн. тонна көмір жөнелтті, бұл жоспарланған көлемнің 109 процентін құрайды. Соның ішінде жылдық жоспардағы 1 млн. тоннаның орнына 1,3 млн. тонна коммуналдық-тұрмыстық көмір жіберілді.

Жылу маусымы 12 қазанда басталған Алматы қаласында жарық пен жылудың үзіліссіз берілуін «Самұрық-Энергоның» Алматы энергия кешенінің кәсіпорындары қамтамасыз етеді:

«Алматы электр станциялары» АҚ. Бұл ұйым Алматы қаласы мен Алматы облысында жылу және электр энергиясын өндіреді. Оның құрамында 8 өндірістік бөлімше бар, атап айтқанда ЖЭО-1, ЖЭО- 2, ЖЭО-3, Қапшағай СЭС, Каскад ГЭС, Батыс жылу кешені және т.б. Энергия өндіруші ұйымның ағымдағы жүктемесі 835 МВт-ты құрайды (жоспар 830 МВт). Бүгінде «АлЭС» АҚ энергия көздерінің жабдықтарын жылу беру маусымына дайындады. Жөндеу кампаниясы кесте бойынша аяқталды. Станцияларда отынның нормативтік қоры жасалды. Қапшағай СЭС-інде 18 қазаннан бастап суды СЭС қақпасынан секундына 145 шаршы метрден 450 шаршы метрге дейін өзгертіп өткізуді реттеу режимі белгіленді, бұл 40-130 МВт жүктемеге сәйкес келеді.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Электр желілерінің жалпы ұзындығы – 29 531 км.; 35 кВ және одан астам жоғары вольтты шағын станцияларының саны – 207 дана.

Жоспарланған жөндеу жұмыстары толық көлемінде орындалып, 2018 жылғы 1 қазанда аяқталды. 2018-19 жж. күзгі-қысқы кезеңді ойдағыдай өткізу және Алматы қаласының тұтынушыларын жүктеме неғұрлым ұлғаятын кезеңде электрмен сенімді әрі сапалы қамтамасыз ету мақсатында, бұған дейінгі күзгі-қысқы кезеңдердің тәжірибесін ескере отырып әзірленген ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралардың тұтас кешені орындалды.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС. Алматы қаласы мен Алматы облысын электрмен үзіліссіз қамтамасыз ету мақсатында, компания 2018 жылы электр энергиясын сатып алу және жеткізіп беру туралы энергия өндіруші және энергия беруші компаниялармен уақтылы шарт жасасты. Қазіргі уақытта электр энергиясын сатып алу және беру туралы 2019 жылға арналған шарттарды жасасу рәсімі басталды.

Анықтама: «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.


«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі

Тел: (7172) 55-30-62; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

2018.11.20
2018.11.20

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng