Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту

дарига назарбаева заседание комитета электроэнергетика

2020 жылғы наурыз-сәуір айларында Самұрық-Энерго Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) бойынша дайындалған әзірлеменің алдын ала нәтижелерін алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінде сөйлеген сөзінде айтты.

Сөз барысында айтылғандай, Самұрық-Энерго қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне айрықша назар аударады.  Сөйтіп, Алматы қаласының экологиялық жағдайына тигізетін теріс әсерді азайту үшін Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту жобасын іске асыру басталды. ЖЭО-ны «ҚазҒЗЖИ Энергопром» тәуелсіз институты әзірлеуде.  

Жобаны іске асырудың бірнеше варианттары қарастырылуда:

  • • жаңа станция салу;
  • • ЖЭО-2-ні бу-газ қондырғыларын салу арқылы кеңейту;
  • • заманауи газ тазалаушы жабдықтарды орната отырып және отын ретінде көмірді пайдалана отырып, жұмыс істеп жатқан энергетикалық қазандықтарды қайта құру;
  • • жұмыс істеп тұрған станцияны газға көшіру.

Электр энергетикасы саласының жұмысы мен тұтынушыларды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері бүгін ҚР Парламентінің Сенатында Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті мен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мүшелерінің уәкілетті органдармен кездесуі барысында талқыланды.

Анықтама:

«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстандағы акциялары 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі аса ірі электр энергетикалық  холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. 

____________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі.

Тел: (7172) 55-30-62; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

2020.02.22
2020.02.27

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng