«Самұрық-Энергода» жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылды

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Корпоративтік орталығында 2020-2022 жылдарға арналған Ұжымдық шарт жасалды. Құжатқа  «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов пен «Самұрық-Энерго» Жергілікті кәсіподағының төрағасы Оразбек Бекбас қол қойды.

 энерго

Ұжымдық шарт жұмыс беруші мен компания жұмыскерлерінің алдағы үш жыл ішіндегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейді.

Компания жұмыскерлерінің өкілі – кәсіподақ лидері Оразбек Бекбастың айтуынша, 2020-2022 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың редакциясына Келісу комиссиясының жұмысын, оның функционалдық міндеттері мен мүмкіндіктерін регламенттейтін тармақтар қосылды. Одан тыс, жұмыскерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленетін айлық жәрдемақының мөлшері 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

 энерго подписание коллективного договора 2020

«Келісу комиссиясы даулы жағдайда құрылады – егер жұмыскер жұмыс берушінің іс-қимылымен келіспейтін болса, онда ол Келісу қомиссиясына өтініш береді. Оған тепе-тең негізде жұмыс берушінің және жұмыскерлердің – кәсіподақтың өкілдері кіреді. Мәселен, енді Келісу комиссиясының шешімімен жұмыс беруші немесе жұмыскер келіспейтін болса, онда тараптардың бірі сот органдарына жүгіне алады», - деп атап өтті «Самұрық-Энерго» Жергілікті кәсіподағының төрағасы Оразбек Бекбас.

 договор самрук энерго

Ұжымдық шарт «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 212 жұмыскерінің мүддесін қозғайды. Атап өтейік, бұл құжат елдегі ең үздіктердің бірі болып табылады – 2015 жылы ол республикалық «Парыз» конкурсының жеңімпаздары қатарына енді.

2020.01.31
2020.01.31

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng