БАҒЫТ – ТАЗА КӨМІР ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

«Самұрық-Энерго» АҚ мен Назарбаев Университет Екібастұз кен орнының күлі көп көмірін жағуға арналған қазандық агрегаттардың от жағатын құрылғыларының технологиясын әзірлеу жөніндегі жобамен айналысуда. Ғылыми қызметкерлер қатты отынның тиімділігін жақсартуды және ауаға шығаратын шығарындыларды едәуір азайтуды көздейтін технологияларды сынақтан өткізуде.

trubka

 19 самрук энерго и назарбаев университет 

Екібастұз көмірін икемге келтіру

Назарбаев Университеті Инженерия мектебінің «Таза көмір технологиялары» зертханасының ішінде химия үстемдік етеді. Зертханада технологияларды сынақтан өткізудің нәтижесі Қазақстанда электр энергиясын көмір арқылы өндіру процесіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Өйткені еліміздегі электр энергиясының 80%-ке жуығын көмірмен жұмыс істейтін станциялар өндіреді.

 16 самрук энерго и назарбаев университет

ugol

2017 жылдан бері Назарбаев Университетінің ғылыми қызметкерлері «Самұрық-Энерго» АҚ-ның тапсырысы бойынша Екібастұз кен орнының көмірін жағуға арналған қазандық агрегаттардың от жағатын құрылғыларының технологиясын әзірлеумен айналысып келеді. «Энергетикалық көмір» деп те аталатын бұл қатты отын өзінің күлі көптігімен ерекшеленеді және байытуға келмейді. Сондықтан ғалымдар күлі көп көмірді жағу үшін қайнау қабаты (ҚҚ) және айналмалы қайнау қабаты (АҚҚ) технологияларын пайдалану мүмкіндіктерін зерттеуде.

 23 самрук энерго и назарбаев университет

«Самұрық-Энергоның» өкілдері сынақтан өткізу үшін бізге «Богатырь» кенішінен алынған көмірдің бір партиясын берді. Бұл күлі 37-ден 79%-ті құрайтын қатты отын болатын. Көмір қайнау қабаты және айналмалы қайнау қабаты режимінде тұрақты түрде жанып тұрды, алынған нәтиже мынадай – бұл технология бойынша көмір деп есептелмейтін қиын көмірді де жағуға болады. Екіншіден, біз көмірдің күліне қарай азот оксидінің шығарындысы 200-300 миллиграм деңгейінде болатын таза технологияны аламыз, - деп әңгіме өрбітті жобаның бас жетекшісі Қалқаман Сүлейменов.

kalkaman

Көмір технологиялары да тазарады

Қалқаман Айтбайұлы – техника ғылымдарының докторы және «Таза көмір технологиялары» бірлескен зертханасындағы басты тұлға. Инженерия мектебінің қызметкерлері жұмыла отырып, кез келген көмірді жағатын қондырғыны жасады, бу мен оттегіні беру жүйесін жинақтап, құрғатқыштарды құрастырды, екібастұз көмірін газдандырудың және оны жағудың газдинамикалық моделін, тәжірибе өткізу үшін қажетті басқа да жабдықтарды жасады. Мұның бәрі зертхананың үш бірдей қабатын алып жатыр.

tassay

 

«АҚҚ технологиясымен жасалған қазандықтар бүгінде ең экологиялық таза. Тәжірибе көрсеткендей, күлі көп көмірді жағу кезінде біз күкірттің 80%-ін көмірдің күлімен ғана ұстай аламыз. – дейді Қалқаман Сүлейменов, қолымен қондырғыны нұсқап. – Оны күлдің ішіндегі құрамында кальций бар элементтер ұстап қалады. Күлді ұстау деңгейі 70%-90%-ке дейін жетеді, яғни ақыр аяғында біз өте таза газ аламыз».

 10 самрук энерго и назарбаев университет

 28 самрук энерго и назарбаев университет

Жастық жігер мен тәжірибе қатар келсе

Жоба жетекшісі Қалқаман Сүлейменовтің командасында жеті адам жиналған, солардың қатарында екі докторант, магистрант және студент бар. Қондырғыдағы көмірді жағу процесін басқару қалқаншасы арқылы бақылап отырады. Қайнау қабатындағы температура Цельсий бойынша 853-тен 870 градусқа дейінгі диапазонда, ал қақпақ тұсында – 814 градус. «АҚҚ-ның мәні сол, бүкіл жағу қондырғысы мен тракт – реакция өтетін кеңістік болып табылады, бұл жерде көміртегі одан әрі жанып, күкірт пен азот тотығы пайда болады және басылады. Бұл кеңістікті біз керегімізше пайдалана аламыз», - деп түсіндіріп жатты жобаның ғылыми жетекшісі Назарбаев Университеттің магистранты Дәулет Жақыповқа. Ол «Химиялық инженерия» мамандығы бойынша білім алуда, бос уақытының бәрін «Бірлескен таза көмір технологиялары зертханасында» өткізеді.

komanda

registrator

foto

Мұндай жобаға қатысу мен үшін орасан тәжірибе. Айналамдағылардың айтқанын санама мықтап түйіп жүрмін, әлі де білмегенім көп, - дейді магистрант Дәулет Жақыпов.

Дәулет қондырғыға жақындап келіп, күлді шелекке төкті. Жанартаудың отты магмасы секілді көкшіл түсті зат ыдысқа құйылды. «Мұндай күлді ешқандай станцияда көре алмайсыздар», - деп атап өтті Магистр, мақтанышын жасыра алмай. Жас маманның қазандық агрегат басындағы әрбір іс-қимылын цехтағы тәжірибелі әріптестері мен «СамұрықЭнергоның» энергетиктері жіті қадағалап тұрды – кім білсін, электр станцияларына қажет мамандар бәлкім осы жерден шыңдалып шығар.

zola

Ғылым мен өндірісті ұштастырып

Университетте өткізіліп жатқан зерттеулер көмір өндірудің келешегін айқындауы мүмкін.

 29 самрук энерго и назарбаев университет

labarotiya

«Самұрық-Энерго» АҚ «Өндірістік тиімділік» Департаментінің директоры Владимир Асташов осы жоба бойынша Назарбаев Университеттің ғылыми қызметкерлерімен әріптестік орнатқан, оның айтуынша, тәжірибенің нәтижелері келешекте жаңа көмір станцияларын құрған кезде пайдаға асады.

«Бұл ғылыми-зерттеу жұмысы күлі көп екібастұз көмірін және оны байытудың қалдықтарын ҚҚ және АҚҚ кешенді тәжірибелік қондырғысында жағудың газдинамикалық процестерінің технологиялық моделін есептеп, жасап шығарумен байланысты. Жұмыс қорытындысы бойынша ҚҚ және АҚҚ қазандықтары бар жылу көмір станцияларын жобалауға қатысты ұсыныстар әзірленеді», - деп атап өтті Владимир Асташов.

table

 24 самрук энерго и назарбаев университет

«Екібастұз кен орнының №3 қабатының күлі көп көмірін және құнарсыз көмірін/байытылған көмір қалдықтарын жағуға арналған қазандық агрегаттарының от жағатын құрылғыларының технологиясын әзірлеу» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жобасы үш жылға есептеліп, 2020 жылы аяқталады.

фото 37 самрук энерго и назарбаев университет

Дамир Айдаров. Фото автордікі.

 

2019.12.30
2019.12.30

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng