«Самұрық-Энерго» мен USAID энергия тиімділігі саласында ынтымақтасып келеді

«Самұрық-Энерго» мен USAID энергия тиімділігі саласында ынтымақтасып келеді

АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) 2018 жылы қол қойылған келісім аясында өндіруші кәсіпорындардың энергия тиімділігін арттыру жөнінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ға көмек көрсетіп келеді.

«Болашақтың энергиясы» бағдарламасын іске асыра отырып», шетелдік сарапшылар «Алматы электр станциялары» АҚ-ға қарасты ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3-тегі энергия ресурстарын зерттеп шығып, оларды тиімді пайдалану бойынша   бизнес-жоспар жасады. Жүргізілген жұмыстың нәтижелерін USAID-тың мамандары «Самұрық-Энерго» АҚ-да «Өндірістік тиімділік» Департаменті ұйымдастырған кездесуде жария етті. Жобаны іске асыру барысында энергия тиімділігін арттыруға бағытталған 26 іс-шара әзірленіп, олардың 9-ына басымдық берілді.

«Энергия тиімділігін арттыру бойынша біздің әріптестеріміз ұсынған іс-шаралар, тұтас алғанда, бір жылда электр энергиясын тұтынуды 6 595 мың кВтсағаттан астамға азайтуға, ал табиғи газды 2 052 мың м3, сондай-ақ шамамен 77 мың тонна көмірді аз тұтынуға мүмкіндік бере алады. Бұл ЖЭО-ларда отынды пайдалануды, атмосфераға зиянды заттар шығаруды айтарлықтай азайтады, - деп түсіндірме берді «Өндірістік тиімділік» департаментінің директоры Владимир Асташов.

Сарапшылардың есебінше, «Болашақтың энергиясы» Өңірлік Бағдарлама аясында USAID ұсынған іс-шаралар ЖЭО-ларда зиянды заттар шығарудың көлемін азайтуға, мәселен, күкірт оксидін (SO2) 1 908 тоннаға, көмір оксидін (CO) 25 тоннаға, шаң-тозаңды 1 366 тоннаға, көмір қышқыл (CO2) 184 653 тоннаға, метанды (CH4) 3 тоннаға, азот оксидін (NOx) 864 тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.

Іс-шараның әрқайсысы үшін құйылған инвестициялардың қайтарылатын мерзімі белгіленген – 1 жылдан 7,5 жылға дейін. Атап айтқанда, бүкіл инвестициялық портфелдің іске асырылуы төрт жарым жылда өзін ақтайды. Қаралған әрбір іс-шарадағы және тұтас инвестициялық портфелдегі инвестициялардың қайтарылу мерзімі, сарапшылардың пікірінше, «АлЭС» АҚ-ның үш ЖЭО-сында энергия тиімділігін арттыру бойынша ұсынылған жобалардың экономикалық тартымдылығын білдіреді. Ал ЖЭО-лардағы ластайтын заттардың эмиссиясын азайту ауаға шығарғаны үшін төленетін төлемді жыл сайын 52,347 миллионнан астам  теңгеге үнемдеуге, сөйтіп Алматының экологиялық жағдайын жақсартуға әкеп соғады. 

USAID-тың «Болашақтың энергиясы» Бағдарламасы аясында ұсынылған іс-шараларды «АлЭС» АҚ энергия аудиттың қорытындысы бойынша әзірленіп жатқан Іс-шаралар жоспарына енгізеді деп күтілуде, өйткені бұл инвестициялық портфелдің іске асырылуы ЖЭО-ларда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатын жүргізуге және Алматы қаласының қоршаған ортасына тигізетін экологиялық әсерді азайтуға көмектеседі.    

«Болашақтың энергиясы» Өңірлік Бағдарламасына USAID Орталық Азиядағы бес мемлекеттің жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды ұлғайту және энергия тиімділігін арттыру есебінен рентабелді, көміртегісі аз және тұрақты экономикаға жеделдете көшуіне қолдау көрсету мақсатында бастама жасады.

2019.12.25
2019.12.25

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng