«Самұрық-Энергоның» қызметкері «Қазақстанның үздік волонтері» конкурсында жеңіске жетті

Мұхтар Фархадұлы Ақмола облысы бойынша экспедиция ұйымдастырумен айналысады. Туристерге ол Қазақстанның астанасынан небәрі екі сағат қашықтықта орналасқан мәдениет ошақтарын, табиғаттың көркем, ғажайып жерлерін көрсетеді.

 20190507 201459

«Самұрық-Энерго» АҚ Цифрландыру офисінің бас менеджері Мұхтар Фархадұлы «Қазақстанның үздік волонтері-2019» конкурсында жеңіске жетті. Ол «Этно-волонтерлік» номинациясында үздік үштіктің қатарына енді. Қатысушылар 2019 жылғы желтоқсанның аяғында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Волонтерлер форумында марапатталды.

20190810 121218

Мұхтар Фархадұлының мамандығы энергетик, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қомпаниялары тобында жеті жылдан бері қызмет істеп келеді. Жай күндері ол бос уақытының бәрін жұмысы мен отбасына арнаса, демалыс күндері оны орманнан ғана кездестіруге болады. Пікірлес достарымен бірге Қазақстан астанасының маңайындағы көрікті, ғажайып жерлерді зерттеп, бейнекамераға түсіреді.

lrm export 283442267936444 20190604 102235284

Т«Танымал қазақстандық бизнесмен, саяхатшы Марғұлан Сейсембай ұйымдастырған экспедициядан кейін мен туризге ден қойдым. Біз Сарыарқа-Ұлытау шоқыларындағы ежелгі тау қойнауларының бірінде болып қайттық. Сол жолы маған жайлау өте ұнады, ол жерлердің тарихы да үлкен әсер қалдырды. Өзімді байырғы көшпенділердей сезіндім», - деп сыр шертті Мұхтар.

lrm export 286159744627922 20190604 110752283

Ұлытауға жасалған сол жолғы экспедициядан кейін Мұхтар әр жеті сайын қызықты деген жерлерге барып қайтатын болды, бертін келе демалыс күндері саяхат ұйымдастыруды қолға алды. Табиғатқа шығып, бой жазуды жаны қалайтын энергетик осы жазда табиғаты әсем жерді тапты. Нұр-Сұлтан қаласынан 130 шақырымдай жерде орналасқан Бұйратау ұлттық паркінде, табиғаттың бастапқы жаратқан күйінде жүрген елікті, бұғыны, бүркітті, лашынды және басқа да жабайы аңдарды кездестіруге болады екен. Миллиондаған жылдар бойы Сілеті өзені жерді ұңғып жасаған Сілеті шатқалы – бұл ғажайып жерлер туралы Мұхтар сағаттап әңгімелеуге дайын.

lrm export 286652383511108 20190604 111604922

«Бурабай мен Зеренді жақтарда Имантау деген әдемі жер бар екенін көпшілік біле бермейді (елордадан 450 шақырым). Айналасының бәрі ну орман, қоршаған тау бөктерінің ортасында көркіне көз тоймас көл жатыр. Өзі туристер үшін әдейі жаратылған жер дейсіз. Инфрақұрылым әлі жетіп келмегендіктен, палаткаларда тұрақтауға тура келеді. Бірақ, соның өзі ғанибет емес пе? Ең қызығы, демалыс күндері табиғатқа шығып, палаткада түнесең, тура бір апта демалғандай сезінесің өзіңді, дүйсенбінің ауырлығы да білінбейді, - деп ағынан жарылды энергетик.

lrm export 286814631628569 20190604 111847170

Бейнекамерамен «қаруланған» Мұхтар Фархадұлы экспедицияларды таспаға түсіріп, қызықты деген тұстарымен әлеуметтік желіде бөліседі. Оның бұл қызығушылығы көпшілікке осылай мәлім болды.

«Саяхаттап жүрген кездері шағын ауылдарға ат басын тіреп, жергілікті тұрғындарымен сөйлесуге тырысамын. Олар өздерінің ауыздан ауызға тараған тарихтарын әңгімелеп береді. Тұтас алғанда, алдымыздағы мақсаттың бірі – айналамыздағы жерлердің әсемдігі мен маңыздылығы жайлы қазақстандықтарға әңгімелеп беру. Ауылдарды дамытқымыз келеді. Жолда жүргенде сүт өнімдерін сатып аламыз, жылқыларды жалдап, ауылда тұратын музыканттарды, медиктерді, аспаздарды жұмысқа тартамыз, - деп ой бөлісті Мұхтар.

«Қазақстанның үздік волонтері - 2019» конкурсында өз номинациясы бойынша жеңіске жету Мұхтар Фархадұлы үшін күтпеген жаңалық болды. Бұған қанаттанған ол осы жобаны әрі қарай жалғастыра бермек, туризм ол үшін – белсенді демалыс, ғажайып оқиғаларды бастан кешу және көрікті жерлерді жаңадан таба беру.

Дамир Айдаров

Офис связей с Правительством и Коммуникаций

Фото из личного архива М.Фархадулы

2019.12.25
2019.12.25

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng