Екібастұз МАЭС-2 Қазақстанның бақылауына өтті

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ресейлік «Интер РАО» энергетикалық компаниясынан «Екібастұз МАЭС-2» АҚ –ның 50 % акциясын сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтады. Осылайша, маңызды электрэнергия активі Қазақстан Республикасының бақылауына толығымен өтті.

2 1

«Самұрық-Энерго» АҚ мен «Интер РАО» ЖАҚ акциялары тең негізінде иелік еткен Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны 2005 жылы құрылды. Қазақстан тарапы үшін қоғам қызметінің басым бағыты станцияны кеңейту және қайта құру шеңберінде 636 МВт болатын үшінші энергоблокты орнату болып табылады. Бұл жобаны іске асыру Қазақстанның электр энергиясы мен электр қуатына өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, оның экспорттық әлеуетін арттруға ықпал етер еді.

2009 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы келісім шеңберінде «Екібастұз МАЭС-2» АҚ «Екібастұз МАСЭС-2 №3 энергоблогының құрылысы» жобасын іске асыруға кірісті. 2010 жылы тиісті жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Осының негізінде «Екібастұз МАЭС-2» АҚ –ның 50 % үлесті сатып алу туралы шешім қабылданды.

1

Станция толық бақылау жән 3-ші энергоблокты сату жөніндегі жобаны іске асыру еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін арттыруға ықпал ететін болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа өндіруші қуатты енгізу қажеттілігі бар. Ұлттық экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін электр энергетикасы саласының озық дамуына ықпал ету керек.

Анықтама: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы – дара акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған және ол коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг саналады. Оның миссиясы - Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету. «Самұрық-Қазына» өз миссиясын қоржындық компаниялардың ұзақмерзімдік құны мен тұрақты дамуын арттыру үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым секторларының дамуына каталитикалық инвестиция салу арқылы жүзеге асырады. Қор активі шамамен $68 млрдты құрайды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энергетика, машина құрастыру және жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді. «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі

2019.12.12
2019.12.13

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng