САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!

«Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) «Медициналық сақтандыру» санаты бойынша Қор деңгейінде Сатып алу санаттық стратегиясының (бұдан әрі – Стратегия) «ұзақ мерзімді бастамаларын» іске асыру аясында Холдинг тобына кіретін еншілес ұйымдарға 2019 жылға арналған қажеттіліктерге аталған санат бойынша көрсетілетін қызметтердің әлеуетті жеткізушілерін анықтау мақсатында сақтандыру ұйымдарының қатысуымен сырттай келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды.

Алда болатын сырттай келіссөздерге рұқсат алу мақсатында өнім берушілер Қоғамға құжаттарды Сатып алу құжаттамасына сәйкес жолдауы қажет. Сырттай келіссөздерге қатысу үшін Баға ұсыныстарын берудің соңғы күні: 2019 жылғы «14» қараша,  Нұр-Султан қ. жергілікті уақыты бойынша сағ. 12:00-ге дейін.

Баға ұсыныстары қабылданған соңғы күннің келіссөз тобы Сатып алу құжаттамасының көрсетілген талаптарына сәйкес сырттай келіссөз жүргізу рәсімдерін жүзеге асырады. Ұсынылған құжаттаманы қарау нәтижелері бойынша сырттай келіссөздердің қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылып, аталған ақпарат әлеуетті өнім берушілерге қосымша хабарланады. 

Жоғарыда аталған талаптарды алу үшін, сырттай келіссөздерге қатысу үшін іріктеуден өту мақсатында Холдинг тобына кіретін ұйымдарға мына электронды мекенжайға: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ауырып қалған жағдайда медициналық сақтандыру қызметін көрсету мүмкіндігі туралы ресми сұрау жіберу қажет.

Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласу қажет: +7 7172 69 23 99.

2019.11.07
2019.11.07

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng