Самұрық-Энергоның энергия нысандары қысқа дайын

Екібастұз ГРЭС-1 күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге әзірлік  паспортын алды. Тиісті бақылау-қадағалау органдары станцияның белгіленген жүктемені, соның ішінде 2019-2020 жж. күзгі-қысқы кезеңдегі ең төмен температура жағдайында атқаруға техникалық тұрғыдан дайын екендігін растады.

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – «Самұрық-Энерго» электр-энергетикалық холдингінің еншілес компаниясы, Қазақстан нарығына электр энергиясын аса ірі жеткізіп берушілердің бірі болып табылады. Кәсіпорын күзгі-қысқы кезең басталмай тұрып-ақ өзінің тұрақты дайындығын көрсетіп келген болатын. Мәселен, осы жылғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы жұмыстың қорытындысы бойынша станцияның жұмыс қуаттылығы 1 892 МВтты құрап, алты энергия блогі бір мезетте жұмыс істеген кезде көрсеткіш 3 028 МВтқа жеткен болатын. Соңғы төрт айдың ішінде, яғни маусымнан қыркүйекке дейін, 6,448 млрд. кВтсағат электр энергиясы өндірілді, бұл өткен жылдың осы кезеңінде өндірілгеннен 3 % көп.  

Станцияда 2019 жылғы жөндеу науқаны аясында № 4 энергия блогы ағымдағы жөндеуден, № 7 және 8  энергия блоктары ағымдағы кеңейтілген жөндеуден өтті, № 5 энергия блогын күрделі жөндеу аяқталды, № 3 энергия блогын күрделі жөндеу жалғасуда.

Тұтас алғанда, 2019-2020 жж. күзгі-қысқы кезеңнің басталуына қарай «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрылымындағы энергетикалық компанияларының бәрі жабдықтың толық техникалық дайын екенін хабарлады.

Қазан айының басында Екібастұз ГРЭС-1-ден басқа «О.Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ және «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ әзірлік паспорттарын алды.

Сондай-ақ, қысқы кезеңге дайындық жұмыстарына жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын нысандар мен энергия беруші ұйымдар да қатысуда. «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС әзірлік паспортын қыркүйектің соңында алды. Соның ізінше, күн энергетикасы саласында жұмыс істейтін «Samruk-Green Energy» ЖШС-нің және энергия беруші ұйым – «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның дайындығы бағаланды. 

15 қазаннан бастап Алматы қаласы әкімдігінің өкімімен оңтүстік астанада жылыту маусымы басталды. «Алматы электр станциялары» АҚ-ның және «Шардара СЭС» АҚ-ның энергетиктері қысқы жүктеме жағдайында жұмыс істеуге әзір деген құжатты 6 қыркүйекте алды.

Осылайша, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрылымындағы энергетикалық компаниялардың бәрі қысқа толық дайын.

Әзірлік паспорты – энергия өндіретін және энергия беретін ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындығын растай отырып, жыл сайын берілетін құжат. Энергия нысандарының дайындығын бақылауды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» ММ іске асырады.

 

 

Анықтама:

«Самұрық-Энерго» АҚҚазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

«Самұрық-Энерго» АҚ

Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі.

Тел: (7172) 55-30-62; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

2019.10.22
2019.10.22

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng