Ахметжан Есімов «Самұрық-Энерго» АҚ-на ИнтерРАО мәмілесін аяқтауды тапсырды

Екібастұзда «Самұрық-Энерго» компаниялар тобының жұмысы мәселелері бойынша кеңес өтті, оған «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарам төрағасы Ахметжан Есімов қатысты.

Ахметжан Есімов «Самұрық-Энерго» АҚ-на ИнтерРАО мәмілесін аяқтауды тапсырды

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Б. Жоламанов Қор басшысына компания тобындағы ағымдағы жағдайды баяндады. Атап айтқанда, Б.Жоламанов ағымдағы жылдың ақпан айында Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігінің тұрақты бағасын атап өтті. Бұдан басқа, "Самұрық – Энерго" АҚ Басқарма төрағасы осы жылдың сәуірінде "Шардара СЭС" АҚ № 2 гидроагрегатын пайдалануға енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Дегенмен, Ахметжан Есімов "Самұрық – Энерго" АҚ басшылығының назарын электр энергиясы экспортының төмендеуіне, объектілерді жылыту маусымына дайындау қажеттігіне және Павлодар облысының қатысу аймағында бірлескен жобаларды дамытуға аударды.

Сонымен қатар, Қордың Басқарма төрағасы бірқатар тапсырмалар берді, оның ішінде ИнтерРАО үлесін сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтау, Екібастұз ГРЭС-2 № 3 блогының құрылысын жеделдету, сондай-ақ электр энергиясы экспортын ұлғайту перспективасын пысықтау. Қор басшысы компанияны жекешелендіру қарсаңында қойылған міндеттерді орындаудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

Айта кеткен жөн, 2019 жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компаниялардың дебиторлық берешегі 5 млрд. теңгеге төмендеген.

Атап өткен жөн, «Самұрық-Энерго» АҚ электр энергиясын өндіру бойынша Қазақстан нарығының үштен бір бөлігін құрайды, сондай-ақ елдің көмір өндіретін ірі компанияларының бірі.

2019.09.20
2019.09.20

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng