«Самұрық-Энерго» АҚ-ның жобасы сатып алу санаттарын басқару конкурсында жеңімпаз атанды

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Сатып алу санаттарын басқару жөніндегі құзырет орталығы болып табылатын «Самұрық-Қазына Контракт» Қор компаниялары мамандарының арасында  сатып алу санаттарын басқару бойынша конкурс өткізді. Оған бес компанияның – «Самұрық-Энерго» АҚ-ның, «KEGOC» АҚ-ның, «Қазпочта» АҚ-ның, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – Қор компанияларының тобында санаттар бойынша сатып алу стратегияларының даму прогресін бағалау. Конкурс «Сатып алу санаттарын басқарудың лидері», «Сатып алу стратегияларының экономикалық тиімділігі» секілді және т.б. іске асырылған 4 номинацияны, сондай-ақ  қатысушылар арасындағы екі номинацияны қамтыды. Бұл тұста «Санаттар бойынша сатып алудың кәсіби шебері» және «Санаттар бойынша сатып алуды дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды. 

rauan

luchshyi proekt3

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Көмір тасымалдау», «Майлар және майлау» атты жобаларын іс-шара барысында компанияның мамандары Рауан Ботабеков пен Дәулет Смағұлов таныстырды. Дауыс беру қорытындысы бойынша, «Сатып алудағы бизнес-процестерді жаңғыртудың ең үздік жобасы» номинациясында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның санаттар бойынша сатып алу тобы «Майлар және майлау» стратегиясымен жеңіске жетті.

luchshyi proekt2

«Сатып алу санаттарын басқару «Самұрық-Энерго» АҚ-ның шығыстарын қысқартуға, көмірді, қосалқы бөлшектерді, өндірістік химияны және т.б. тасымалдауды қоса алғанда тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді иеленудің жиынтық құнын қолдану арқылы тұтынуды оңтайландыруға мүмкіндік берді. Мұндай конкурстар сатып алу санаттарын басқаруды енгізу және дамыту жұмыстарын ынталандырады, мамандардың өз құзыретін арттыруға деген қызығушылығын оятады. Мәселен, энергия холдингінде иеленудің жиынтық құнын төмендету арқылы 2022 жылға дейін 3,4 млрд. теңгені құрайтын экономикалық тиімділік күтілуде», - деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Баға мониторингі және санаттарды басқару» департаментінің директоры және осы жобаның жетекшісі Жанат Өтегенова.

«Баға мониторингі және санаттарды басқару» департаментінің бас менеджері Мейірлан Молдағалиев «Санаттар бойынша сатып алудың кәсіби шебері» атты дербес номинацияда жеңімпаз деп танылды.

luchshyi proekt4

«Бұл іс-шара біздің кәсіби біліктілігімізді тексеруге арналған емтихан әрі жинақталған тәжірибемен бөлісетін алаңға айналды. Конкурс мені алға қарай ынталандыра түседі», - деді Мейірлан Молдағалиев.

Конкурстың жеңімпаздары естелік сыйлықтармен, дипломдармен және оқу семинарларына қатысуға құқық беретін сертификаттармен марапатталды. Іс-шара «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Үздіксіз кәсіби даму бюросының базасында Neirostorm Branch AIFC және GBQ Asia ұйымдарының қолдауымен өтті.

2019.09.11
2019.09.11

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng