Өндірісте қауіпсіздік мәдениетін арттыру

«Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау жобаларының портфеліндегі басым жобалардың бірі кешенді қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін ендіру жобасы болып табылады. Ол өндірістегі жарақаттанудың алдын алу мен қызметкерлердің өмірін сақтауды басқару жүйесінің тиімділігін жетілдіруге бағытталған.

Жоба демеушісі – «Самұрық-Энерго» АҚ Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор Мұрат Әмірханов жобаның таяу арадағы жоспарлары мен міндеттері туралы айтып берді.  

 amirkhanov

Мұрат Әнуарбекұлы, өндірісте жұмыс істейтін әрбір қызметкер жеке басының қауіпсіздігіне, ең алдымен, өзі мүдделі болуға тиіс секілді. Бұл үшін түгел бір жобаның қаншалықты қажеті бар? Ол бұрыннан каска киіп, станокта жұмыс істеп келе жатқан  қызметкерге нені үйретуі мүмкін?

 

Жобадан түсетін қандай да бір қаржылық пайда болмаса да, ол – өте қажет әрі маңызды. Әңгіме өндірістегі қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау туралы болып отыр. Біздің міндетіміз - қауіпсіздік мәдениетін арттыру мен жарақаттану деңгейін азайту бөлігінде баяндалған мақсаттардан бөлек, еншілес компанияларымыз (ЕТҰ) бен корпоративтік орталықтың (КО) барлық қызметкерлерін осы іске мейлінше тартуға қол жеткізу. Біз енгізіп жатқан қауіпсіздік стандарттары бірінші басшылардан бастап жұмыс орындарында тікелей жарақат алу тәуекелімен бетпе-бет келетін қызметкерлерге дейін, барлығының санасына осы түсінікті жеткізбейінше, жұмыс істемейтін болады.    Қағидалардан, жаңартылған лауазымдық нұсқаулықтардан, стандарттардан бөлек, біз қызметкерлердің өз өмірлері үшін жеке басының жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік беретін практикалық құралдарын да ендіреміз. Өндірістік қауіпсіздік саласындағы жұмысқа қатысты тәсілдерді қайта қарайтын және реактивті басқарудан тәуекелге бағдар ұстаған немесе проактивті басқаруға көшетін уақыт жетті.

 bezopasnots na proizvodstve

Компанияда өндірістегі еңбек қауіпсіздігінің тұрақталған жүйесі бар екенін, арнайы құрылған қызметтің жұмыс істейтінін, қызметкерлердің оқу курстарынан өткенін барлығымыз да білеміз. Бүгінгі күні оны тиімсіз деп санайсыз ба?

Білесіз бе, өндірісте жұмыс істейтіндер: «Мен бұл қауіпсіздік техникасын өзімнің 4 саусағымдай білемін…» деп әзілдейді, бұл - тегіннен-тегін емес.  Біздің міндетіміз өндірісте қызметкерлердің денсаулығы жақсы және ешбір жарақат алмайтындай еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Жазатайым оқиғалар орын алып тұратыны рас. Талдау көрсеткендей, олардың көпшілігі абайсыздықтан, атап айтқанда, әрқайсымыздың жауапкершілік деңгейіміздің төмендеуіне байланысты болады. Әріптестеріміздің ЕТҰ қызметкерлеріне беретін білімі мен тәжірибесі, түптеп келгенде, саналы түрде орындалуы тиіс. Қызметкер ауысымға келіп түскен кезде өзінің жұмыс орнында жұмысты тәуекел деп жасамай,  жұмысқа қажетті рұқсат бар ма, тиісті біліктілігі бар ма және т.б. талаптарды нақты түсініп алып жасауы тиіс.  Басымыздан өткен тәжірибе мен алынған нәтижелерге сүйене отырып, қазіргі қолданылып отырған жүйенің тиімділігі аз екенін айтуға болады. Иә, қаланған іргетас бар, бірақ біздің мақсатымыз оны жойып, жоқ қылу емес, керісінше, оны нығайтып, күшейту.bezopasnots na proizvodstve2

Жоба аясында нені ендіре алдыңыз және бұл қаншалықты тиімді?

Ағымдағы жылы жаздың ортасынан бастап Екібастұз ГРЭС-2 станциясында мінез-құлық аудиті жүргізілуде. Бұл – бүкіл әлемде кез келген өндірістегі ажыратылмас процесс, қызметкердің қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі іс-әрекетін бақылауға негізделген. Екібастұз ГРЭС-2 станциясында мінез-құлық аудитін бірінші рет оның төрағасы Әнуар Берлібаев жүргізді. Қазандық-турбина цехындағы бақылау барысында ол газбен-электрмен дәнекерлеушінің қолдан бұйымдар жасау үшін арнайы кілтті пайдалану фактісін анықтады. Басшы алдын алу мақсатында әңгіме жүргізіп, қолдан жасалатын құралдарды пайдалану салдарларын: өзгеріске түсу, орындалмау, жарақат алу және т.б. түсіндірді. Сөйтіп, алғашқы бұзушылық кезінде алдын алу мақсатында әңгіме жүргізіліп, түзетуші іс-қимылдар қолданылады, ал қайталанған жағдайда – тәртіптік жаза қолданылады. Мұндай тәжірибе кесте бойынша үнемі жүргізіліп отырады. Бекітілген стандарттарға сәйкес, бір жұмыс орны айына бір рет тексерілуі тиіс.

Мұндай тәжірибенің қайтарымы қандай болмақ? Бақылау және мониторинг, еңбекті қорғау жағдайы туралы «бірінші дереккөзден» ақпарат алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.samruk energy ekibastuzskaya gres 1

Қызметкерлердің өндірістегі жаңалықтарға көзқарастары қандай? Олар жобалау командасының жұмысына әрқашан түсіністікпен қарай ма?

Жылдың басынан бері жобалау командасы аталған жобаға жоғары басшылықты және негізгі пайдаланушыларды тарту бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді. Қызметтер түсіндіріліп, әр қызметкердің жауапкершілігі белгіленді, алдағы болашаққа міндеттер қойылды.

Жалпы алғанда, жоба 2017 жылдан бастап 58 айға есептелді. Жобаны іске асыру мерзіміне қатысты біз жоспарланған уақыттың 50%-ын өттік. Белгіленген іс-шараларды іске асыру тұрғысынан біз уақыттан қалып келеміз, өйткені адам факторының әсер ету деңгейі өте жоғары.  

org.perimetr

Қазір Екібастұз ГРЭС-2-де біздің жобалау командамыздың мүшесі бар, ол ІНҚ-ны өзектендірумен, қолданыстағы жүйеге талдау жасаумен айналысады.  Біз қызметкерлер тарапынан үнемі түсіністік, қолдау таба бермейміз. Мен өзгерістерді теріс қабылдамауға, керісінше дұрыс құрылған, ойластырылған өндірістік қауіпсіздік жүйесі барлық мүмкін болатын тәуекелдерді ескере отырып, болашақта біздің барлығымыздың өндірістегі жазатайым жағдайларға мейлінше төзімділік танытуға мүмкіндік беретінін түсінуге шақырамын. Сондықтан жобалау командасын ең алдымен, өзіңіздің қауіпсіздігіңізге мүдделі көмекшілер ретінде қабылдауыңызды өтінеміз.   

Қызметкерлердің назарын жобалау командасының бізге жобаны іске асыру кезеңінде ғана жаңа қауіпсіздік жүйесін құруға көмектесетініне аударғым келеді. Алдағы уақытта құрылған өндірістегі қауіпсіздік жүйесін біз өзіміз дамытып, қолдау көрсететін боламыз. Сондықтан қызметкерлерді оқытуға және оларды әріптестерімен білімдерін бөлісетін ішкі жаттықтырушылардың дайындауына айрықша көңіл бөлу қажет. ЕТҰ басшылығын оқу курсынан өтетін қызметкерлерді қолдауға шақырамын. Еңбекті қорғау – науқаншылдық емес, бұл өзін-өзі жетілдіру бойынша тұрақты түрдегі құбылыс, өзіңмен тұрақты түрде жұмыс істеу.

Қызметкерлерді ынталандыру қалай жоспарланады? Мүмкін қауіпсіздік техникасы қағидаларын бірде-бір рет бұзбаған ең жауапты қызметкерлерге сыйақы берілетін болар?

Біз материалдық көтермелеу шарасын персоналды қосымша ынталандыру бөлігінде қолдануды жоспарлап отырмыз. Бұл мәселе «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының таяу арадағы отырысында қаралатын болады. Біз Басқарма мүшелерінің қолдауына ие боламыз және 2020 жылдан бастап барлық ЕТҰ-ларда ынталандыру жүйесін ендіреміз деп үміттенеміз.

Бірақ қызметкерлерді қаржылай көтермелеу қауіпсіздік ережелерін сақтағаны үшін емес, оқиғаларды ашуға көмектескені үшін жоспарланып отыр. Бұл жазатайым оқиғаларды болдырмауға көмектеседі. Мысалы, ЕТҰ-да қандай да бір оқиғалар орын алған кезде біздің тез арада әрекет ету мүмкіндігіміз болмай қалады, көбінесе үндемей, жасырып қалғандықтан. Егер қызметкер  бізге бұрын болған оқиға туралы хабарлап, ол расталатын болса, онда ол қызметкер материалдық тұрғыдан көтермеленеді. Статистика көрсеткендей, айтарлықтай ауыр салдарларға әкеп соқпаған уақытылы талданған оқиға оның қайталануына жол бермейді және жазатайым жағдайды болдырмауға кепілдік береді.

bezopasnots na proizvodstve3

Ал қызметкер Call-center-ге құпия жүгіне ала ма? Мұндай жағдайда, материалдық сыйақы алуы мүмкін бе?

«Самұрық-Энерго» АҚ Бастамашылықпен хабардар ету саясатының нормаларына сәйкес,  кез келген қызметкер Корпоративтік орталықта және ЕТҰ-да болып жатқан ЕжҚОҚ оқиғаларын есепке алу және тіркеу үшін «Жедел желі» телефонын пайдалана алады. Мұндай жағдайларда иесі көрсетілмеген арыз бойынша материалдық көтермелеу материалдық сыйақы алу мүмкіндігі жоқ, бірақ ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бұзушылықтары туралы хабарлаған қызметкердің аты-жөнін құпия сақтау кепілдігі қарастырылған.  

Корпоративтік орталық/ЕТҰ қызметкерлері үшін «Жедел желі» телефон нөмірі/ДЗО : 8 800 080 19 94​​​​. Қоңырау шалу тегін.

Сонымен қатар, әрбір ЕТҰ-да оның орналасқан жеріне қарай әр түрлі оқиғалар (ЖО, оқиға, авария және т.б.) туралы хабарлау ережелері жұмыс істейді. Әдетте, бұл – станцияның ауысым бастығының (САБ) немесе станцияның кезекші инженерінің (СКИ) телефондары.

                                                                                                   Анна Сахнова

2019.09.11
2019.09.11

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng