АлЭС: студенттерді дуальды оқыту

1

Алматы энергетика және байланыс университетінің 3 курс, «жылу энергетикасы» мамандығының 39  студенті «Алматы электр станциялары» АҚ-да тәжірибеден өтті .

Биыл екінші жыл,  «АлЭС» АҚ  және АЭжБУ дуалды оқыту элементтерімен студенттердің өндірістік тәжірибесін өту туралы шарт негізінде жұмыс жасайды. Алматы энергетика және байланыс университеті  неміс дуалды білім беру жүйесі бойынша мамандарды дайындауды енгізген,  алғашқылардың бірі болып белсене бастады. 1-ЖЭО базасында жұмыс мамандықтар бойынша дайындық өтеді, олар : турбиналық жабдықтар жөніндегі машинист-қараушы, қазандық жабдықтар жөніндегі машинист-қараушы, химиялық талдау зертханашысы.

28

- 2 -17 мамыр аралығында студенттер 1-ЖЭО практикалық тәжірибе алып,  11-28 маусым аралығында персоналды даярлау бөлімінде теориялық тәжірибеден өтті.  «АлЭС» АҚ-ның тәжірибелі жұмыскерлері: химия цехының инженері - технологы Гульнара Дорошева, персоналды даярлау бөлімінің штаттан тыс оқытушылары Галина Нечепуренко и Александр Орлов энергетикада 40 жылдан астам жұмыс істеген, - деді «АлЭС» АҚ адам ресурстарын басқару персоналын даярлау бөлімінің бастығы Жанар Сабикенова.

93

Тәжірибеден өткеннен кейін, студенттер біліктілік емтиханын тапсырды. Емтихан комиссиясының құрамында «АлЭСә АҚ инженерлік-техникалық жұмыскерлер  және  универмитет оқытушылары болды. Емтихандарын сәтті тапсырған студенттер мемлекеттік үлгідегі жұмыс мамандығы бойынша куәлік ие болды.

47

- Біздің университет үшін «АлЭС» АҚ-мен іскерлік серіктестігіміздің маңызы өте зор. Бұл оқу барысында теория мен тәжірибені қиыстыруға мүмкіндік береді. Өйткені, студент үшін тәжірибе, мамандығына деген қызығушылығын артады.   Университетті тәмамдаған жас мамандар қайда баратынын, немен айналысатынын анық біліп отырады. Ол толық өндірістік циклді көріп, болашақ мамандық бойынша тәжірибе жинақтайды. Дуальды оқыту барысында олар болашақ мамандықты жаңаша түсініп, мамандық таңдаудың дұрыстығы туралы негізделген шешім қабылдайды. Университетті бітіргеннен кейін, түлектер осы жерде, яғни кәсіпорында жұмысқа орналасады. Біздің тұрақты серіктестігіміз – «АлЭС» АҚ-на өндірістік тәжірибеден  өтуден ұйымдастыру бойынша кәсіби және сапалы жұмысы үшін алғысымызды білдіреміз, - деді Балжан Бахтияр АЭжБУ Жылу энергетика институтының директоры.

105

АЭжБУ студенттері «АлЭС» АҚ ұжымына, әсіресе  1-ЖЭО жұмыскерлері мен оқытушылардан тәжірибе барысында барлық сұрақтарға жауап алып, станция жұмысының барлық циклімен таныстырғанын, барлығын өз көздерімен көруге мүмкіндік болғанына, алғысын білдірді.

2019.07.29
2019.07.29

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng