#TazaQazaqstan: «Самұрық-Энерго» қызметкерлері экологиялық акцияны қолдады

Экология, геология және табиғи рестурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің қоқысты тазалау туралы Твиттердегі үндеуінен соң экологиялық десант Қоянды су қоймасының (Целиноград ауданы) жағалауына келіп түсті.

f3

Ведомство басшысы бұның алдында Нұр-Сұлтан қаласының маңайындағы бірнеше көлдерде болып, Қоянды су қоймасының жағалауында үйіліп жатқан қоқысты көргеннен кейін әлеуметтік желілерде дабыл қаққан болатын. Министрдің аумақты тазарту жөніндегі үндеуіне Премьер-Министр Асқар Мамин, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, еріктілер мен қала тұрғындары – барлығы болып 1200-ден астам адам қолдау білдірді.

f8

#TazaQazaqstan экологиялық акциясына «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қызметкерлері – «Баға мониторингі және санаттарды басқару» департаментінің бас менеджері Людмила Шипулина мен «Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау» департаментінің бас менеджері Диана Исниязова қатысты. Аумақты тазарту акциясы барысында олар экология, геология және табиғи рестурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен бірге естелік ретінде суретке түсті.

f2

«Қолдан келгенше ғаламшарымызға көмектескім келіп тұрады, түрлі экоакцияларға қатысумен шектеліп қоймай, айналамдағылардың экология тұрғысынан сауатын ашу маңызды деп ойлаймын. Достарыммен, әріптестеріммен қарым-қатынас жасағанда олардың назарын экология проблемаларына, тіршілікке қолайлы қоршаған табиғи ортаны сақтауға әркімнің аз да болса пайдалы үлес қосуына аударамын», - деп экологиялық акцияға қатысты пікір білдірді Диана Исниязова.

f7

Осылайша, қоян-қолтық жұмыс істей жүріп, Үкімет мүшелері, қоғам белсенділері мен қатардағы азаматтар Қоянды су қоймасының айналасынан 10 тоннаға жуық қоқыс жинады.

«Отанымызды таза, абат және жасыл кейіпке келтіру ісіне қосқан үлестеріңіз үшін әр қайсыңызға алғыс айтқым келеді. Ерекше қуантарлығы сол – бұл жерде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары ғана емес, Алматы облысының, Алматы қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстарының өкілдері де жиналған. Бүгін басталған акциямыздың шын мәнінде ауқымы кеңейді. Соның бәрі өздеріңіздің еңбектеріңіз», - деп экология, геология және табиғи рестурстар министрі сенбілікке қатысушыларға алғысын білдірді.

 f1

Қоянды су қоймасында өткен экологиялық сенбілікті қорытындылай келе, Мағзұм Мырзағалиев бұл іс-шараға Қазақстанның басқа өңірлерін де қосылуға шақырды. Баршамыз жұмыла кіріссек қана еліміз таза да абат мекенге айналады.

Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі

Материалда primeminister.kz. порталынан алынған суреттер пайдаланылды

2019.07.22
2019.07.24

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng