«Самұрық-Энерго» АҚ-да Сату процестерін дамыту және трейдинг процестерін ендіру бойынша трансформациялау жобасы аяқталды

Басқарушы комитет (БК) мүшелері Трансформацияның «Сату процестерін дамыту және трейдинг процестерін ендіру» жобасының аяқталғанына келісті. Ол бүкіл Портфельдің стратегиялық маңызды жобалардың бірі болып табылады, өйткені ол ағымдағы нарықтық жағдайда электр энергиясы сатылымының өсуін қамтамасыз етеді.

2017 жылдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ-да сату процестерін дамыту және трейдинг процестерін ендіру бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл уақыт аралығында энергия холдингінде сату қызметінің ағымдағы жай-күйіне егжей-тегжейлі талдау жүргізілді, Қазақстанның, көршілес елдердің және әлемнің 30 жетекші мемлекетінің электр энергиясы нарықтарына шолу жүргізілді. БК-да «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның, «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ-ның, «Мойнақ СЭС» АҚ-ның және «Шардара СЭС» АҚ-ның қатысуымен бейнеконференция байланысы бойынша жоба нәтижелері тыңдалды.

Жобаның басшысы Баян Мигданова: «Жоба КО мен ЕТҰ қызметкерлерінің қатысуымен жобалау командасының күшімен ендірілді. Алдына қойылған бүкіл мақсаттар мен міндеттер сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалды. Ағымдағы жылдың аяғына дейін 5 миллиард теңгеден аса пайдаға қол жеткізу жоспарланады», - деп атап кетті.  

Сату блогының ендірілген мақсатты моделі барлық клиенттер үшін «бір терезе» қағидаты бойынша Корпоративтік орталық деңгейінде орталықтандырылған сату қызметтерін көздейді. Осылайша, ЕТҰ өндіретін электр энергиясын Сауда Үйі, оның ішінде «ЭҚРҚО» АҚ алаңының орталықтандырылған сауда-саттықтарында сатады.

Трансформациялау офисінің басшысы Марат Иманбеков жобалау командасына былай деп алғысын білдірді: «Электр энергиясын сату – компанияның негізгі табысы болып табылады. Біз осы Жобаға үлкен үміт арттық. Сіз қойылған мақсатқа қол жеткіздіңіз және мен КО мен ЕТҰ-ның жобалау командасына атқарған жұмысы үшін тағы да алғыс білдіремін».

Жоба демеушісі Даму және сату жөніндегі басқарушы директор Марат Ұлданов Корпоратвитік орталық пен ЕТҰ қызметкерлері Жобаны іске асыру үшін көрсеткен көмегі мен қосқан үлесі үшін құрмет грамоталармен және алғыс хаттарымен марапатталатынын атап өтті.

Басқарушы Комитет жобаны аяқтау туралы шешім қабылдады.

2019.07.09
2019.07.09

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng