ЕҚДБ – «Самұрық-Энерго» жобасы аясындағы тең мүмкіндіктер саясаты

«Самұрық-Энерго» АҚ гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бағытында айтарлықтай тиімді және өнімді саясат жүргізіп келеді. ЕҚДБ – «Самұрық-Энерго» жобасының аясында өткен жұмыс бабындағы кездесуге қатысушылар осындай қорытынды жасады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Адам ресурстарын басқару департаменті Еуропалық қайта құру және даму банкімен және оның консультанты Ergon Associates (Эргонмен) бірлесе отырып, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің 7 қағидатын қолдау туралы мәлімдемеге қол қойылған жобаны іске асырып отырғаны белгілі.  Бұл құжат орнықты дамудың басты элементі ретінде гендерлік теңдік қағидаттарын ұстануға және әйелдер мен ерлерге тең мүмкіндіктер беретін компаниялардың табысты екеніне сенімділікке негізделген.  

Кездесу барысында «Ergon Associates» (ЕҚДБ-ның консультанты) директорының орынбасары Кирстен Ньют атап өткендей, «Самұрық-Энерго» компаниясы тең мүмкіндіктерді беру жөніндегі алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені Қазақстанның энергетика секторында енгізумен байланысты ЕҚДБ-ның жобасын іске асыруда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді.  Ergon өкілінің айтуынша, компанияның тәжірибесі республиканың энергетика саласында жұмыс істейтін барлық ұйымдарға ұсынылатын болады.  

Еуропалық сарапшылардың  мұнда келуіндегі басты мақсат – атқарылған жұмысты қорытындылау және жоба бойынша бұдан кейінгі іс-қимыл жоспарын ұсыну.  Атап айтқанда, гендерлік факторларды ескере отырып, тең мүмкіндіктер қағидатын корпоративтік коммуникациялар арқылы энергетика секторында ілгерілету. Бірлесіп іс-қимыл жасаудың басым бағыттары ретінде мынадай үш бағыт айқындалды: корпоративтік лидерлікті қалыптастыру және тең мүмкіндіктер стратегиясын әзірлеу, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның басшылық құрамында және тұтас алғанда энергетикада әйелдердің өкілдігін көбейту және оларға лауазымдық ілгерілеу мүмкіндіктері туралы кеңірек мәлімет беру.  

Гендерлік саясаттың жалпы мәселелерінен тыс, кездесуге қатысушылар «Әйелдердің менеджменттегі орны: лидерлік байланыстарды нығайту» тақырыбында пікір алмасты. Талқылау қорытындысы бойынша сарапшылар әйелдердің мүмкіндіктерін және басшылық лауазымдардағы өкілдерін кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруды ұсынды. Алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе ретінде Германия, Франция, Ұлыбритания және Сербия секілді елдер мысалға алынды.

«Тұтас алғанда, бүгінгі кездесу әйелдердің басқару саласындағы және өндірістегі рөлін ынталандыруда «Самұрық-Энерго» АҚ-ның дұрыс және тиімді жолмен келе жатқанын көрсетті», - деп атап өтті ЕҚДБ-ның гендер және инклюзия саласындағы бас экономисті Томас Бергенхолтц.

Бүгінде қазақстандық аса ірі электр энергиясы холдингіне қарасты компаниялар тобында 4700-ге жуық қыз-келіншек жұмыс істейді. Олардың 630-дан астамы – басшылық қызметте.

Анықтама:                                                      

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

______________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

2019.06.27
2019.06.27

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng