Энергетика- романтикалық кәсіп

 Әнуар Әбітаев – бақытты адам! Неге деп сұрайсыздар ғой? Өзіңнің сүйген ісіңмен айналысу – бақыт емес пе? 

«Мамандығым туралы айтқанымда көз алдыма қызықты оқиғалар мен саяхаттар елестейді. Электр энергетикасы саласы еліміздің әрбір түкпірін қамтиды. Мәселен, су энергетикасы саласын алайық: көркі көз тартатын таулы, орманды аймақ  - Шығыс Қазақстандағы Ертіс өзенінің бойында Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі су электр станциялары орналасқан; не болмаса Алматы облысындағы Іленің бойында Қапшағай, шуақты Түркістан облысындағы Сырдария өзенінде Шардара су электр станциясы бар. Ертіс, Іле және Сырдария трансшекаралық өзендер болып табылады, олар түрлі елдердің аумағын басып өтеді. Бұл су егінді суару, электр энергиясын өндіру, халықтың тұрмыстық қажетін өтеу үшін пайдаланылады. Бұл өзендердің су халыққа өмірдің нәрін әкеледі деуге болады», - деп өзінің жұмысы туралы сүйсіне әңгімелейді Әнуар Әбітаев.

 7

Біздің қахарманымыз 1989 жылдың тамылжыған тамызында оңтүстік астанада дүниеге келді.  Анасы – врач, әкесі – энергетик, осы салаға өмірінің 50 жылдан астамын арнаған нағыз кәсіби маман. Әнуардың backgroundы сан қилы. Мектепті бітірген соң қаржылық-гуманитарлық салада оқып білім алды, «Қаржылық менеджмент бакалавры» және «Мемлекеттік басқару магистрі» деген дипломдары бар. «Самұрық-Энергода» жұмыс істей жүріп, Ұлыбританияда оқуын жалғастырды, сөйтіп энергетика саласындағы менеджменттің магистрі атанды. Бүгінде Әнуар «Самұрық-Энерго» АҚ-да «Жаңартылатын энергия көздері және бөліп-тарату» бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді. Өз ісінің білікті мамандары жиналған бұл бөлімше жасыл энергетиканы дамытумен айналысады. Әріптестердің арасында нағыз адамгершілік қарым-қатынас орнаған. «Адамдар – «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ең құнды капиталы», - деп есептейді Әнуар Әбітаев. Энергетика саласында жеті жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп жүрген ол Әбітаевтардың еңбек әулетін лайықты жалғастыруда.  

   «Энергетика бұл романтика! Адамдар қақаған аязға, аптап ыстыққа қарамай күн сайын бағаналарға өрмелеп, кезекшілікке тұрады. Мәселен, Алматыдан 300 шақырымдай жерде орналасқан Мойнақ СЭС-ін алайықшы. Ол жерге келсең – 85 үйден тұратын шағын ғана кент, бұл үйлерде өмірін су энергетикасымен байланыстырған адамдар өмір сүреді... Түнгі және күндізгі ауысымдар, қаланың орталығы немесе жердің шеті, жарық жұрттың бәріне де керек...», - дейді Әнуар Әбітаев.

Қолы бос уақытта біздің кейіпкеріміз кроссфитпен айналысады, саяхаттауды ұнатады. Ой-өрісі кең, кітапқұмар, көргені мен көкейге түйгені мол жан, романтик. Жеткен жетістіктерінде тоқтап қалмай, баламалы энергетиканы дамытудың тың жолдарын, энергиямен қамтамасыз етудің  қауіпсіздігін ойластыруда.

Сәбина Қожатаева

Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі

2019.06.27
2019.06.27

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng