Өз ісінің шеберлері

2019 жылғы 12-14 маусым аралығында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның оқу полигонында 6-10 / 0,4 кВ таратушы желілерге жөндеу және техникалық қызмет көрсететін мамандардың жыл сайынғы кәсіби жарыстары өткізілді.

foto6.1

Жыл сайын бұл іс-шара қатысушылардың кәсіби дағдысын шыңдау мақсатында өткізіледі, өйткені технологиялар дамып, өндірістік жағдайлар өзгеріп отырады, сондықтан қызметкерлердің біліктілік деңгейі қазіргі заман талаптарына сәйкес келуі керек.

foto11

«АЖК» АҚ Басқарма Төрағасы Мұхит Үмбетов бұл байқау оған қатысушылардың біліктілігі мен қабілеттерін ғана емес, жеңіске жетудің басты кепілі болып табылатын үйлесімді командалық жұмысын да көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ, өз сөзінде ол жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасы мен шараларын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

foto13

Кәсіби жарыстарға Қалалық бөлу тораптары басқармасының және Облыстық электр желілері басқармасының 17 бригада электромонтерлері қатысты.

foto8

Байқау 5 кезеңнен құралып, баллдық жүйемен бағаланды. Қатысушылар 10 кВ әуе желісінде зардап шеккенді электр тоғының әсерінен босату және оған алғашқы медициналық көмек көрсету, 10 кВ-тық әуе желілерімен қиылысатын ара қашықтықтағы 0,4кВ әуе желісін ауыстыру секілді тапсырмаларды, электр жабдықтарын жөндеумен және техникалық қызмет көрсетумен байланысты басқа да технологиялық жұмыстарды орындады.

foto9

Сондай-ақ, электриктердің қауіпсіздік техникасы ережелері, техникалық пайдалану ережелері және өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша білімдері тексеріліп, "үздік" бағаға лайық деп танылды.

foto11

Байқау қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен Қарасай ЭТА командасы жеңімпаз атанды, екінші орынды 3-ЭТА командасы иеленді, ал үшінші орын Талғар ЭТА командасына берілді.

foto5

«Алтын» жеңіп алған Қарасай ЭТА командасы ағымдағы жылдың екінші жартысында Маңғыстауда өтетін тарату желілерін жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жедел және техникалық қызмет көрсететін персоналдың республикалық жарыстарына жолдама алды.

foto1

  Іс-шара барысында ерекше көзге түскен Р.Тайбуров «Ең үздік шебер», А. Жұмағалиев «Ең үздік электромонтер» номинацияларында жеңімпаз деп танылды. Шелек ЭТА электромонтері Ш.Шамиль сайыстың ең жас қатысушысы атанды.

 foto2azhk

«АЖК» АҚ баспасөз қызметты

2019.06.19
2019.06.19

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng