«Богатырь Көмір» Компаниясында МБЖ сертификациясы аяқталды

«Богатырь Көмір» компаниясында ISO 9001, ISO 14001, ISO 50001, OHSAS 18001 халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес менеджменттің біріктірілген жүйесін сертификаттау аяқталды. 

Сертификаттарды алу кәсіпорынның сапа, экология, энергия тиімділігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы талаптарды сақтағандығын айғақтайды. Халықаралық стандарт сертификаттарының болуы компанияға бәсекелестік артықшылықты береді және клиенттер, акционерлер, инвесторлар, серіктестер алдында жағымды бедел қалыптастырады. Менеджменттің біріктірілген жүйесі сапа менеждменті, экологиялық менеджмент, кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті және энергетикалық менеждмент жүйесі сияқты бұрын жеке әрекет еткен жүйелерді біріктіргенін еске саламыз.

  Менеджменттің төрт әрекет етуші жүйесін менеджменттің біріктірілген жүйесіне қосу рәсімі 2017 жылдың үшінші тоқсанында басталды – МЖ-ны біріктіру бойынша жұмыс тобы құрылды. 2018 жылдың бірінші тоқсанында МБЖ-ны құжаттандыру үдерісін әзірлеу мен бекіту рәсімі аяқталды және біріктірілген саясат қабылданды. 2018 жылдың маусымында МБЖ-ның ішкі аудиті өткізілді. 2018 жылдың қазанында сертификаттаудың 1-кезеңі - ISO 9001-2015, ISO 14001-2015, ISO 50001-2011 және OHSAS18001-2008 стандарттардың талаптарына сәйкестіктің алдын ала аудиті өтті. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша сапа, энергия менеджменті және экология саласындағы талаптарға сәйкестіктің сертификаттары алынды. 2019 жылдың 1-нен 5 сәуір аралығында МБЖ сертификаттаудың екінші кезеңі өткізілді. 31 мамырда өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы талаптарға сәйкестіктің сертификаты алынды.   

 

 

Қанат АЛДАБАЕВ

2019.06.13
2019.06.13

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng