«Самұрық-Энерго» АҚ: цифрландыру және ЖЭК дамыту

Мемлекет басшысы «Нұр-Отан» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларды орындау бойынша қолға алынған шаралар ағымдағы жылғы         10 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде өткен Үкімет сағатының тақырыбы болды. Өзі басқарып отырған саладағы жұмыстың жай-күйі туралы депутаттардың алдында Республиканың Энергетика министрі Қ.А.Бозымбаев есеп берді.

Іс-шара барысында депутаттар энергетика саласына жататын компаниялар мен ұйымдар дайындаған ақпараттық көрменің материалдарымен танысты. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қызметкерлері Азамат Мәжін, Марат Бұқанов және Ғалымбек Әутәліпов «Цифрлық электр станциясы» және «Жаңартылатын энергия көздерін дамыту» тақырыбындағы ақпаратпен Мәжіліс депутаттарын таныстырып, қазіргі уақытта энергия холдингі іске асырып отырған жобалар туралы әңгімеледі және оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Атап айтқанда, «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-да пилотты түрде енгізу көзделіп отырған, Цифрлық электр станциясы жобасының «Жабдықтың жай-күйіне предиктивті талдау жасау» компоненті туралы ақпарат берілді.  

«Самұрық-Энерго» АҚ жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы 2 жобаны іске асырды: Қапшағай қаласындағы қуаты 2 МВт күн электр станциясы (КЭС, «Samruk-Green Energy») және Ерейментау қаласындағы қуаты  45 МВт жел электр станциясы (ЖЭС, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС).

Одан тыс, Қазақстан Республикасының және Қытай Халық Республикасының Үкіметтері арасындағы Келісім аясында іске асырылған, Алматы қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» Арнайы экономикалық аумағында қуаты 1 МВт КЭС және Алматы облысында қуаты 5 МВт ЖЭС пайдалануға берілді.

Іске асырылу кезеңіндегі жобалар:

  1. Ерейментау қаласының маңында, қуаттылығы 50 МВт ЖЭС салу
  2. Қапшағай қаласында 416 кВт КЭС салу
  3. Шелек дәлізінде қуаттылығы 60 МВт ЖЭС салу  

 

Перспективалық жобалар:

  1. Қапшағай қаласының маңында, қуаттылығы 50 МВт КЭС салу
  2. Іле өзенінде су реттегіш Кербұлақ СЭС-ін салу
  3. Ерейментау қаласының маңындағы ЖЭС-ті кеңейту

Іс-шарада аталып өткендей, 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ның электр энергиясын өндіру нарығындағы үлесі 30%, көмір өндіруде – 39% құрады.

 

2019.06.11
2019.06.11

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng