«Самұрық-Энергода» Дүниежүзілік қоршаған ортаның күні атап өтілді

Қарапайым жеңіл автомобиль бір жылда ауаға қанша килограмм СО2 шығарады? Полиэтилен пакетінің табиғи ортада ыдырауы үшін неше жыл қажет? Ғаламшар халқы жыл сайын атап өтетін Дүниежүзілік қоршаған ортаның күні аясында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қызметкерлері 2019 жылғы 5 маусымда ұйымдастырған викторина осындай қызық сұрақтардан басталды. Осыған орай компанияның Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті экология және оны қорғаудың кешенді шаралары тақырыбындағы презентацияны ұсынды. 

 эколога самрук энерго

Презентация барысында экологияның әлем деңгейінде өзекті болып тұрған және кең таралған проблемаларына, соның ішінде биосфераның ластануына, өсімдіктер мен жануарлардың жойылуына, жер қойнауының құнарсыздануына, әлемдік мұхиттың пробемаларына, климаттың өзгеруіне, шөлге айналуға, ормандарды кесуге, табиғи ландшафтардың бұзылуына  айрықша назар аударылды. Тыңдармандарға Қазақстанның Париж келісімі аясында парниктік газдар шығарындыларын шектеу немесе азайту бойынша қолға алған шаралары туралы ақпарат ұсынылды.

Презентацияда қоршаған ортаны қорғаудың нақты қадамдары ретінде мынадай: мүмкіндігінше қоғамдық көлікті  - велосипедті, каршерингті пайдалану, немесе жаяу жүру,  гибридті немесе электр қуатымен қозғалатын автомобильді пайдалануға көшу және электрлі такси шақыру, тұрақта тұрған кезде автомобильдің қозғалтқышын сөндіру, жылытудың тиімділігі жоғары жүйелері мен жабдықтарын пайдалануға көшу, пайдаланбаған кезде жарықты және электр аспаптарын сөндіру секілді мысалдар келтірілді. Одан тыс, қалдықтарды сұрыптау, пластик ыдыстар мен полиэтилен пакеттерді пайдаланбау, оларды экосөмкелермен ауыстыру секілді ұсыныстар болды. 

 энерго охрана окружающей среды

Талқылау барысында адамдардың бір көзбен қарағанда бейкүнә іс-қимылы арқасында экологияға орны толмас қаншама шығын келетіні атап өтілді. Бүгінгі таңда айналамыздағы экологияның барған сайын нашарлауы, климат өзгерген жағдайда оның теріс салдары бәрімізді ойландыруға тиіс.

Іс-шара кезінде жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) тақырыбы да қозғалды. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ЖЭК нысандары (күн және жел электр станциялары, шағын СЭС-тер) 2019 жылдың 4 айында өндірген электр энергиясы 108,5 млн. кВтсағатты немесе ЖЭК нысандары өндірген электр энергиясының жалпы көлемінің 23% -ін құрады. Бұл 2018 жылдың дәл осындай  кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ке жоғары.    

Компанияның ЖЭК нысандары 2018 жылдың 4 айында өндірген электр энергиясы 107,4 млн. кВтсағатты, ал ЖЭК-нің үлесі 31,1%-ті құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2019 жылдың 4 айында «таза» электр энергиясын өндірудегі үлесі 834,1 млн. кВтсағатты құрады.   

Ағымдағы жылғы қаңтарда Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің 5 нысаны іске тапсырылды. Бұл жерде сөз Алматы облысындағы Кербұлақ 1 - 4,5 МВт ЖЭС және Кербұлақ 2 - 4,5 МВт ЖЭС (жел электр станциялары); Қарағанды облысындағы  «Гүлшат» КПМ Дельта – 40 МВт КЭС (күн электр станциясы); Маңғыстау облысындағы  Жел энерготехнологиясы – 52,8 МВт ЖЭС (жел электр станциясы); Қарағанды облысындағы «Құрма» агрофирмасының 1,3 МВт Биогаз қондырғысы туралы болып отыр.

2019.06.06
2019.06.06

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng