Екібастұз ГРЭС-2 станциясы: көңілді және жарқын!

Жаздың бірінші күнінде Екібастұз МАЭС-2 энергетиктері Солнечный кентінің балаларын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

 

Осы жылы дәстүр бойынша Абай атындағы алаңда ойын-сауық шаралары өткізілді. Мерекелік бағдарлама басталмас бұрын балалар үшін аквагрим ұйымдастырылды. Жастар активінің өкілдері әйгілі мультфильм кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, балалар үшін қайталанбас көңіл-күй сыйлады. Олар балалармен көңіл көтеріп, түрлі ойындар ойнатты, әрине, соңында достық жеңді. Күннің бұлтты және аздап желді болуы, қонақтарға еш кедергі келтірмеді. Іс-шара балаларға тәттілер таратумен аяқталды, соңында, барлық балаларды қызықтыратын бояулар фестивалі өткізілді. Әдемі көрініс ешкімді бей-жай қалдырмады. Іс-шара өте көңілді өтті.

 Сондай-ақ, Екібастұз МАЭС-2 станциясы жыл сайынғы қалалық "Жақсылық жасауға асық" атты қайырымдылық марафонына қатысты. Оның шеңберінде "Екібастұз" Қоғамдық балалар қорына ақшалай қаражат аударылды. Марафон барысында жиналған сома ауыр науқас балалар мен қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға көмек көрсетуге жұмсалады.

Балалар- бұл біздің ең үлкен құндылығымыз, олардың күлкісі әлемдегі ең үлкен байлық. Ал балаларды қорғау күні- баланың құқықтарын заңнамалық деңгейде де, күнделікті өмірде де қорғау қажеттігін тағы да еске салады. Өйткені, әр бала көңілді және бақытты балалық шаққа лайықты!

 

Аягөз Мусапирова,

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның

баспасөз хатшысы

2019.06.04
2019.06.04

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng