Мектептер елшілері бағдарламасы іске қосылды

1.алматинские электрические станции школьники

№ 38 мектеп пен Халықаралық мектептің төртінші, жетінші және сегізінші сыныптарында оқитын 58 оқушы «Алматы электр станциялары» АҚ-ның 3-ЖЭО-да болды. Экскурсиялар тең мүмкіндіктерді ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Еуропалық қайта құру және даму банкінің бірлескен жобасы бойынша өткізілуде. 3-ЖЭО қызметкерлері станцияны аралап-көрудің қауіпсіз бағытын әзірлеп, 3-ЖЭО құрылысының тарихын, кәсіпорын жұмысының ерекшеліктерін әңгімелеп берді. Оқушыларға сондай-ақ таңғаларлық химиялық тәжірибелер, соның ішінде электр тогының пайда болуы көрсетілді.     

Өтеген батыр кентінде орналасқан № 38 мектептің 7-8 сынып оқушылары энергетикаға әсіресе жақын, өйткені олардың туған-туыстарының көбі осы 3-ЖЭО-да жұмыс істейді.

«Станцияда менің атам жұмыс істеген. 3-ЖЭО-ны көру маған әрқашан қызық болатын»,- деп әсер бөлісті 7 сынып оқушысы Виолетта Пономаренко.

 2 ales scool 2

«Қазір 3-ЖЭО-да менің туған ағам Владимир Саенко жұмыс істейді. Ол станциянының электр жабдығына қызмет көрсететін электромонтер. Станция маған бұрыннан ұнайды, ненің қалай орналасқанын, электр энергиясы қалай өндірілетінін көргім келетін», - деп сыр бөлісті Дима Саенко, 8 сынып оқушысы.

«Мектебімізде салаға бейімдеп оқыту жұмысы жақсы жолға қойылған. Түлектердің жартысы негізінен Алматы энергетика университетіне және Қазақ ұлттық техника университетіне грантпен оқуға түседі. Бүгін станцияға келген 33 баланың арасында ертең осында жұмыс істейтіндері де бар екеніне сенімдімін», - деп атап өтті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Айнагүл Қапсеметқызы Тұралықова.

Халықаралық мектептің 4 сынып оқушылары экскурсия кезінде үлкен қызығушылық танытып, көптеген сұрақ қойды, химиялық тәжірибелерді сүйсіне тамашалады.

 3 алэс дети посетили объекты

«Бұл экскурсиялар оқушылардың есінде ұзақ уақыт сақталып, келешекте мамандық таңдауына ықпал етеді. Мектептер елшілері бағдарламасының іске асуына белсене қатысқаны үшін 3-ЖЭО ұжымына  үлкен алғыс айтамыз, олар 3-ЖЭО-ның жұмысын  және қызметкерлердің өз жұмысына деген сүйіспеншілігін көрсетуге тыңғылықты дайындалыпты. Бағдарлама алдағы уақытта балалардың дәл ғылыммен айналысуына түрткі болып, түлектерді энергетика саласына көбірек тартады деп үміттенеміз»,- деп бүгінгі экскурсияны қорытындылады қызметкерлерді дайындау бөлімінің басшысы Жанар Сәбікенова.  

 4 ао алэс самрук энерго дети

 

2019.06.04
2019.06.04

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng