«Самұрық-Энерго» АҚ Жаңғырту кеңесінің отырысы өткізілді

Кеңес мүшелеріне 2019 жылы Трансформациялау бағдарламасын іске асыру барысы туралы хабарланды.

«Самұрық-Энерго» АҚ-да Жаңғырту кеңесінің (ЖК) отырысы өткізілді. Отырыста Энергетикалық холдингтегі Трансформациялау бағдарламасының іске асыру барысы және бірқатар демеушілерді тағайындау мәселелері қаралды. 1 совет по модернизации самрук энерго

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов Жаңғырту кеңесі мүшелерінің бекітуіне демеушілердің рөліне кандитуралар тізімін ұсынды. Осылайша, Дамыту және сату жөніндегі басқарушы директордың м.а. Марат Ұлданов трейдинг және сату жөніндегі, сондай-ақ бизнес-бастамалар портфелін ендіру жөніндегі жобаларға басшылық жасайтын болды.

 «Марат Ұлданов бір жыл бойы трейдинг жобасының басшысы болды. Жоба тиімді нәтижеге қол жеткізді және осы жылы компанияның операциялық қызметіне ауыспақ», - деп атап өтті Бақытжан Жоламанов.

фото 2 самрук энерго

«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директордың м.а. Мұрат Әмірхановтың кандидатурасы кешенді қауіпсіздікті және тәуекелдерді ендіру жөніндегі жобалар демеушісі ретінде ұсынылды. Басқарма Төрағасының стратегиялық коммуникациялар бойынша кеңесшісі Антонина Шеноева АТ-ның жаңа моделін ендіру жөніндегі жобаның демеушісі болып тағайындалды.

фото 3 бакитжан жуламанов

Энергия холдингі басшысы Бақытжан Жоламанов ЖК мүшелеріне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жобаның демеушісі ретінде өз кандидатурасын ұсынды: «Бұрын аталған жобаның демеушісі Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалған болатын. Бүгін аталған жобаны менің атыма бекітуді ұсынамын».  

 

            «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев, ЖК-ның бүкіл мүшелерімен қатар  аталған бастамаға қолдау көрсетті. «Трансформацияның бүкіл жобаларының жауапкершілігі жобаның табыстылығы мен даму векторын қамтамасыз ететін демеушілерге жүктелген. Мен жаңа басқарушыларға жоғары сенімділік артамын», - деп атап өтті Қордың өкілі.

фото 4 керейбаев

ЖК отырысының күн тәртібі аясында Антонина Шеноева 2019 жылғы бірінші тоқсандағы Трансформациялау бағдарламасын іске асыру барысын және 2019 жылдың алғашқы үш айы үшін Трансформациялау бағдарламасының 5 бастамасы бойынша жүргізілген жұмыс туралы баяндады.

фото 5. антонина шеноева самрук энерго

«Жол картасы 40%-ға орындалды. Бағдарламаның жобаларын іске асырудан 3 461 млн. теңге мөлшерінде пайдаға қол жеткізілді. Осы сәтте Трансформацияның жаңартылған бағдарламасы аясында жобалардың жаңа Портфелін қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде».

фото 6 трансформация самрук энерго

Энергия холдингтің жаңа бастамалары мен жобаларын қамтитын портфель ағымдағы жылғы шілдеге дейін бекітіледі деп жоспарланып отыр.

2019.05.31
2019.05.31

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng