Жұмыс процестерінің тиімділігі

Екібастұз қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының HR – бөлімшелері қызметкерлеріне арналған семинар өтті.   

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Адам ресурстарын басқару» департаменті Әлеуметтік өзара әрекеттестік және коммуникациялар орталығының (ӘӘКО) сарапшыларымен бірлесе отырып, энергия холдингінің Екібастұз және Нұр-Сұлтан қалаларында орналасқан кәсіпорындарының өкілдеріне арнап 2019 жылғы 24 мамырда оқу семинарын өткізді. Кездесуге «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның, «Богатырь Көмір» ЖШС-ның, «БЖЭС» ЖШС-ның және «Energy Solutions Center» ЖШС-ның HR – бөлімшелерінің қызметкерлері мен өндірістік цехтарының басшылары шақырылды.

hr duchr1

Кездесуге қатысқандарға арнап, ӘӘКО сарапшылары өткізген «Әлеуметтік тұрақтылық индексі» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеудің нәтижелеріне негізделген оқу іс-шаралары өткізілді.  Ұйымдастыру жөніндегі консультант, менеджмент, психология және ұйымдастырудың тиімділігі саласындағы сарапшы Ерлан Мұстафин тақырыпты жан-жақты  ашып көрсетті.

hr duchr2

Семинар барысында бес кәсіпорынның өкілдері жұмыс процесінің тиімділігін басқарудың қыр-сырын меңгеріп, корпоративтік стратегия және мақсатқа қол жеткізу ұғымдарын зерделеді. Практикалық дәрістер барысында адам ресурстарын басқарудың мамандары ұжымда іскерлік қарым-қатынас орнатудың әдістерін үйренді.hr duchr3

Құрылымдық бөлімшелердің басшыларын оқыту процесі бастан-аяқ бейресми жағдайда өтті. Қатысушыларға теориялық материалдар ұсынылып, әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ сабақ барысында «СамұрықЭнерго» АҚ-ның кәсіпорындары бойынша 2018 жылы өткізілген әлеуметтік сұрау салудың статистикасы пайдаланылды. Бөлімшелердің басшылары өндірістік персоналды жұмыс процесіне жаппай қатыстырудың, оларды еңбекке ынталандырудың факторларын іздеп табуды, сондай-ақ жұмыс процесінің тиімділігін неғұрлым арттыру мақсатында осы факторларға талдау жасауды үйренді.

2019.05.29
2019.05.29

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng