BI Marathon -2019 жарысындағы «Жоғары кернеу»

BI Marathon -2019 жарысындағы «Жоғары кернеу»

«Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығының қызметкерлері Қазақстанның елордасында өткен жыл сайынғы қайырымдылық жүгіру марафонына қатысты.

26 мамырдың салқын жексенбісі еліміздің басты қаласында жиналған 7 мыңнан астам адам үшін «қызу» өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын BI Marathonда бұл күні Қазақстаннан ғана емес, өзге елдерден де келген жүгірушілер бас қосты.

фото 55

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Корпоративтік орталығында құрылған «Жоғары кернеу/ HI VOLTAGE» жүгіру клубының мүшелері спорттық іс-шараларға үнемі қатысып отырады. Бүгін де олар шетте қалған жоқ. 

bi marathon фото 2

Жарыстың басталуына 40 минут қалды. «Самұрық-Энергоның» қатысушылары суретке түсіп, жүгіруге дайындала бастады.

bi marathon самрук энерго фото 4

Бой жазу – кез келген ауыр жұмысты бастар алдындағы маңызды кезең. Қатысушылардың дені бірнеше сағат жүгіреді, сондықтан дененің әр буынын, әсіресе аяқтарды қыздырып алу қажет.

 bi marathon самрук энерго фото 5

Жарыс басталар сәт. BI Marathon-2019 қатысушылары 42 шақырым, 21 шақырым, сондай-ақ 10 шақырым қашықтықты бағындырулары керек.

bi marathon самрук энерго фото 7

Толық марафонға және жартылай марафонға қатысушылар жарысты бөлек тұрып бастады, ал 10 шақырымға жүгіруге тіркелгендердің қатары ең көп болғандықтан, олар жарысқа басқа нүктеден шықты.

 bi marathon самрук энерго фото 8

BI Marathon-2019 жарысына «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығының 14 қызметкерін Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор Ерлан Алиев бастап шығарды. Олардың төртеуі жартылай марафондық қашықтықты, ал қалғандары – 10 шақырымды таңдады.

img 1339 2

bi marathon самрук энерго фото 10

Бұл қайырымдылық жүгіру шарасы Қазақстанның елордасында осымен төртінші рет өтуде, оған қатысуға ниет танытып, салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді.

bi marathon самрук энерго фото 12

Биыл жүгірудің бағыт-бағдары да өзгерді – бұрындары қатысушылар триатлон-парктың ішінде және Есіл өзенінің бойымен жүгіретін, ал бұл жолы олардың бағыты елорданың маңызды жолдары саналатын Сарайшық, Тұран, Амман және Б. Момышұлы көшелерін, сондай-ақ Есіл өзенінің Ақорда маңайындағы жағалауын және Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауын қамтыды.

bi marathon самрук энерго фото 17

«Самұрық-Энерго» АҚ Әкімшілік департаментінің бас менеджері Ерлан Бақтияр 2018 жылғы қазаннан бастап жүгіруге ден қойды.

bi marathon самрук энерго фото 6

Содан бері ол Қазақстанның түрлі қалаларында сегіз рет жүгіруге қатысты. BI Marathonынан бір апта бұрын Ерлан Қарағандыда өз күшін сынады.

Ерлан Бақтияр, «Самұрық-Энерго» АҚ бас менеджері: «Жүгіру мен үшін әуестікке айналды. Қолым бос кезде қалаған уақытта, жылдың барлық мезгілінде жүгіре аламын. Рас, бүгін 21 шақырымды бағындыра аламын ба деген күдік көкейімде болды, өйткені қасиетті Рамазан айында Ораза ұстадым.  Бірақ, бұл қашықтыққа жүгіру маған қиынға соқпады. Бүгінгі спорттық іс-шараға қатысқан әріптестерімнің бәрін құттықтаймын және де баршаны спортпен шұғылдануға шақырамын!».

bi marathon самрук энерго фото 29

«Самұрық-Энерго» АҚ «Корпоративтік басқару және орнықты даму» департаментінің бас менеджері Айгүл Мағазова үшін бұл алғашқы жарыс болды. Өздігінен жүгіріп, жаттығуларға үнемі қатысып жүргенімен, мұндай деңгейдегі жарыстарда ол өз күшін әлі сынап көрмепті.

«Он шақырымға жүгіру қиын бола қоймады, өйткені жүгірумен үнемі айналысамын. Жарыс кезінде тыныс алу, тамырдың соғуы секілді, өз денемді бақылап, қасымдағылардың жүгіру техникасына көз салдым. Неге 21 шақырымды таңдамадым деген ой басымнан кетпей қойды. Енді сол мақсатқа жетемін!» - деп Айгүл Мағазова жарыстан алған әсерімен бөлісті.

bi marathon самрук энерго фото 19

BI Marathon жарысы «Қауіпсіздік» департаментінің бас менеджері Бейбіт Дүшкенов үшін де жүгіру әлеміндегі алғашқы жарыс болды. Әріптестерімен бірге «Жоғары кернеу/ HI VOLTAGE» жүгіру клубында шұғылданатын ол, еңбегінің нәтижесін көрмек болып, спорттық осы ивентке мақсатты түрде дайындалды.

bi marathon самрук энерго фото 25

Бейбіт Дүшкенов, «Самұрық-Энерго» АҚ «Қауіпсіздік» департаментінің бас менеджері: «Өзімнің күшімді, мүмкіндіктерімді сынағым келді. Тәжірибелі әріптестерімнің, бапкерімнің кеңестеріне сүйендім. BI марафондағы тартысқа толы спорттық көңіл-күй баршаны баурап әкетті. Мұндай жарыстар әріптестердің басын біріктіріп, корпоративтік қарым-қатынас қалыптастырады деп есептеймін. Алдағы уақытта бұдан басқа қашықтықтарда өз күшімді сынап көрсем деймін, бірақ ол үшін тыңғылықты жаттығу керек».

bi marathon самрук энерго фото 30

Таңертеңнен бері энергетиктерді әріптестері қызу қолдап жүрді. Мұндай іс-шаралар корпоративтік қарым-қатынастарды нығайта түсері сөзсіз. 

bi marathon самрук энерго фото 22

«Бойларындағы күш-жігерін сынауға осында жиналған әріптестерімді қолдауға келдім. Ораза ұстағандарына қарамай жарысқа қатысты, бәрекелді. Олай болса, неге маған да өз күшімді сынап көрмеске? Күзге қарай 5 шақырымдық қашықтыққа жүгіруді жоспарлап отырмын. Маған ерекше әскер еткені – бүгін жарысқа шыққан зағип қатысушы өзінің көмекшісімен қатарласа жүгірді. Не деген жігерлі адам!», - деп әсерімен бөлісті «Баға мониторингі және баға санаттарын басқару» департаментінің бас менеджері   Людмила Шипулина.

bi marathon самрук энерго фото 47

«Активтерді қайта құру және сату» департаментінің директоры Еркін Акенев «Самұрық-Энергода» «Жоғары кернеу/HI VOLTAGE» жүгіру клубын құруға бастама жасаушылардың бірі.  Еркін «Самұрық-Энерго» Корпоративтік орталығынан жүгіруге мұнша көп адам алғаш рет жиналғанын атап өтті.

bi marathon самрук энерго фото 19 1

Бұл – компанияда салауатты өмір салтын ұстанатын, спортпен айналысатын адамдар жұмыс істейтінін білдіреді. Олар өздерінің спорттағы жетістіктерін, кәсіби саладағы бәсекеге қабілеттілігін көрсете білді. Ұжымда салауатты өмір салтын ілгерілету – компанияның тиімділін арттыру құралдарының бірі.

 bi 31 1

bi marathon самрук энерго фото 37

«BI Maratonға әріптестерім саналы түрде, жақсы дайындықпен шықты. Өйткені жүгіру клубында олар кәсіби бапкер, ультрамарафоншы Райана Амангелдімен бірге машықтанады. Тұтас алғанда, спорттық ивент жоғары деңгейде өтті. Жарыстың алдында BI Groupтың басшысы Айдын Рақымбеков қатысушыларға арнап жалынды сөз сөйледі. Жарыстың соңында ыңғайы келіп, осы спорттық мерекені ұйымдастырғаны үшін мен оған алғыс айттым.  Дене тәрбиесін көпшіліктің арасында насихаттап, халыққа таратып жүрген адамның арамызда болғаны қандай жақсы», - деді Еркін Акенев.

 bi marathon самрук энерго фото 40

Марафонға қатысушылардың арасында жеңілгендер болған жоқ. Олардың көбі өздерінің күшін сынап, жеке жеңісін тойлады. Марафон – күш-жігердің, шыдамдылық пен қайсарлықтың нағыз шыңдалатын жері.

bi marathon самрук энерго фото 27

«Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығында 2018 жылы «Жоғары кернеу/HI VOLTAGE» жүгіру клубы құрылғанын атап өту қажет. Оның мүшелері спорттық жарыстарға үнемі қатысып отырады.  Қызметкерлердің спорттық бірлестігін энергия холдингінің басшылығы мен «Самұрық-Энерго» жергілікті кәсіподағы қолдады.

 фото

Спорттық іс-шара кезіндегі көтеріңкі көңіл-күй BI Marathon 2019 жарысына қатысушылардың есінде ұзақ сақталады. Жүгірушілер әзірге дем ала тұрады, алда – қайта жаттығулар мен жаңа жеңістер.

 

Дәмір Айдаров,

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі

2019.05.28
2019.05.31

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng