«Самұрық-Энерго» қызметкері Oceanman турнирінде шеберлік көрсетті

«Самұрық-Энерго» қызметкері Oceanman турнирінде шеберлік көрсетті

Қазақстан командасы Түркияның Алания қаласында ашық суда жүзуден өткен халықаралық  жарыста өз шеберлігін көрсетті. «Ereymentau Wind Power» ЖШС-ның бас директоры Ералы Оралов – осы жарысқа қатысушылардың бірі.  Біздің жүзгіштеріміз 10 шақырымдық қашықтықты бағындырды.

Қазақстан командасының барлық өкілдері – Дмитрий Деревянко, Ералы Оралов, Вячеслав Нам, Бауыржан Қасымовтар мәре сызығына жақсы нәтижемен жетті. 

Энергия холдингінің өкілі мұндай турнирге алғаш рет қатысып, қашықтықта 6 орынды иеленді. 

«Жарыс жоғары деңгейде өтті. Турнирге қуана-қуана қатыстық. Әлемнің түрлі елдерінен келген спортшылармен танысып,  ашық суда жүзу бойынша жақсы тәжірибе алдық. Бұған дейін біз тек бассейнде ғана жүзетінбіз. Нәтижемізді келесі жылы жақсартамыз деп алдымызға мақсат қойдық. Еліміздің намысын жықпай, жақсы шеберлік көрсеткен командаластарыма үлкен алғыс айтамын. Кәсіби спортшы болмаса да, олардың осындай жоғары нәтиже көрсетуі ерекше құрметке лайық», - деп ой бөлісті Ералы Оралов.

 

oceanman ewp 2

«Ereymentau Wind Power» ЖШС-ның басшысы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жергілікті кәсіподағына және оның төрағасы Оразбек Бекбасқа осындай жарысқа қатысуға көмектескені үшін алғыс білдірді.

Аланиядағы турнирде әлемнің 24 елінен келген 500-ден астам адам бас қосты.

Кәсіби және әуесқой жүзушілердің Oceanman әлемдік турниріне қатысушылар ашық суда – өзендерде, көлдерде, теңіздерді және т.б. жүзеді. Жарыс алғаш рет 2015 жылы өткен болатын. Қатысушылардың айтуынша, Oceanman – жүгірушілер үшін марафон, триатлоншылар үшін Ironman секілді.   

«Ereymentau Wind Power» ЖШС – «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрамындағы, ЖЭК пайдалана отырып электр энергиясын өндіретін компания.

2019.05.23
2019.05.23

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng