Қауіпсіздік – энергетикалық нысандардағы басты талап.

lokal prof 21052019

Еңбек және техника қауіпсіздігін сақтау мәселелері, сондай-ақ техникалық инспекторлардың өндіріс орындарында атқаратын функциялары «Самұрық-Энерго» жергілікті кәсіподағы» ҚБ 2019 жылғы Екібастұз қаласында ұйымдастырған семинар-тренингтің басты тақырыбы  болды. Бұл іс-шараның жұмысына «Самұрық-Энерго» АҚ-ға қарасты компаниялардың – «Богатырь Көмір» ЖШС-ның, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның және «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның 92 техникалық инспекторы қатысты.

bezop. truda

Семинардың негізгі мақсаты – техникалық инспекторлардың (кәсіподақтың уәкілетті өкілі) ҚР Еңбек заңнамасының, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру мен есепке алудың, жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің мәселелері бойынша білімдерін арттыру.  Қатысушылардың назарына Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының негіздері және еңбектің болашағындағы оның рөлі туралы ақпарат ұсынылды. Баяндамашылар ретінде іс-шараға шақырылған, Қазақстан кәсіподақтары федерациясы Оқу орталығының үздік сарапшылары Н.М. Азтаева мен А.К. Пересунько семинар барысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша өздерінің материалдарымен және әдістемелік ұсынымдарымен таныстырды. Өндірісте жұмысшының құқықтары және жұмыс берушінің міндеттері бұзылуының нақты мысалдары қарастырылды.

            «Кәсіподақтың алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі – әрбір жұмыскердің соңына ерген отбасы мүшелері барын ескере отырып, оларға қауіпсіз еңбек үшін жағдайлар жасау кезінде жұмыс берушімен әріптестік орнату. Бүгінгі семинар-кеңес өндірісте жұмыс бабымен туындайтын даулы жағдайларды шешу бойынша нақты білім алып қана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасуға да мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Самұрық-Энерго» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Аппарат басшысы Ж.К. Әлімбетов.

Жоғары кәсіби шеберлігі, еңбектегі және қоғамдық өмірдегі белсенді қызметі үшін айрықша көзге түскен бірқатар техникалық инспекторлар құрмет грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталды.

«Бұл іс-шара бірінші кезекте техникалық инспекторлардың өнеркәсіптік және өндірістік қауіпсіздік саласындағы білімдерінің аясын кеңейтуге, соның ішінде жергілікті кәсіподақ өкілдерінің ҚР еңбек заңнамасы саласындағы білімінің деңгейін арттыруға арналған», - деп атап өтті өзінің сұхбатында «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағы ҚБ-нің төрағасы Хайролла Хамитұлы Туратаев. – Технологиялардың қарыштап дамуына қарамастан, еңбек қауіпсіздігі, денсаулықты сақтау және еңбек етуге қолайлы жағдайлар жасау әлі шешімін таппай келеді. Мұндай жағдайда Қазақстандағы кәсіподақ бірлестіктерінің рөлі жылдан-жылға артып келеді, олардың қызметі мен көмегі өзектілене түсіп, жұмыскерлердің қызметінде, құқықтық және әлеуметтік қорғалуында қажеттілікке айналуда».

Аталған іс-шара «Қазақстан энергетиктерінің салалық кәсіподағы» ҚБ «Адамдар – ең қымбат ресурс» ұраны аясында өз жұмысын жалғастыра беретінін тағы да растап өтті.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.

________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс

және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

2019.05.21
2019.05.21

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng