«АлЭС» тұлғалары: Розенблит Александр, 1-ЖЭО электр цехының бастығы

«АлЭС» тұлғалары: Розенблит Александр, 1-ЖЭО электр цехының бастығы

Александр Моисеевич Розенблиттің еңбек кітапшасында  Алматы  1-ЖЭО   деген бір ғана жазу бар

 

Александр Моисеевич Алматы қаласында 1956 жылы электриктер отбасында дүниеге келген.                

Мектеп жасынан бастап электртехникасына ерекше қызығушылық танытқан.  Есейе келе, ата –анасының ақыл кеңесінен кейін, бұл қызығушылық болашақ  мамандығын таңдауға ықпал  етті.

Мектепті бітіргеннен кейін Алматы энергетикалық институтына оқуға түсті. Энергетика саласындағы өзінің еңбек жолын 1- ЖЭО-да кезекші электр монтері  лауазымынан бастады. Кеңес әскері қатарындағы азаматтық борышын  өтегеннен кейін  бұрынғы жұмыс орнына қайта оралып, энергетика саласындағы жұмысын жалғастырды.

«Өзіңізді қалай сипаттайсыз?» деген сауалға Александр Моисеевич өзіне тән қарапайымдылықпен былай деп жауап береді: жұмыскерлермен тілектестік, адамгершілік негіздегі  қарым – қатынас.  Зиялы және адамгершілігі мол адамның басты қасиеті осы қарапайымдылықта екенін жақсы білеміз. Өз мамандығының  маңызды артықшылықтарын тізбелеп айтқанда, Александр Моисеевич энергетика саласының трансформацияға және заманауи технологияларды кеңінен пайдалануға бейім екенін алға тартты. Ал қиындықтарына келер болса – энергетика саласында  жауапкершілік жүгі жоғары, мереке немесе демалыс күндеріне қарамай, кез келген уақытта дайын болу керек.

2

Александр Моисеевич «Алматы электр станциялары» АҚ 1-ЖЭО электр монтерінен бастап   электр цехының  бастығы лауазымына дейінгі сындарлы  жолдан өтті.  Электр цехында   ауысым бастығы, станция ауысымының  бастығы лауазымдарын  атқарды. Ол өте жауапты, әрі талапшыл басшы. Қарамағындағы жұмыскерлермен әділ қарым-қатынас орнатуды жөн санайды. Қандай болмасын жағдайда мұқият тыңдап, мәселені шешуге қатысты дұрыс кеңес береді. Александр Моисеевичті өз мамандығының қыр-сырына баулыған ұстазы – осы кәсіпорындағы энергетиктер әулетінің,  энергетиктер мектебінің негізін құраған Хайрушин Газиз Халимович.

- Газиз Халимович аса сауатты, зерек адам болатын. Арамыздағы бірталай жас айырмашылығына қарамастан біз достасып кеттік. Ол маған бар білгенін үйретті, бойымдағы жұмысқа деген ынта-жігерді оятты. Біздің станция ұжымы өте тату, ұйымшыл болғандықтан, жұмысты адал атқаруға барлық негіз бар. Жұмысыңа асығып келесің, - деп ой бөлісті Александр Моисеевич.

3

Сол ұстазынан алған тәлімді бүгінде өз шәкірттерін тәрбиелеуде барынша қолданатын Александр Моисеевич,  электр энергетикасында  С.Калиев, Д.Аймұратов және т.б. сынды өте сауатты мамандардың бірнеше буынын тәрбиелеген ұлағатты ұстаз саналады.

4

Өз жұмысына, ұжымға ерекше құрметпен қарайды. Жобаларды талдауда, әріптестерімен қатар білек сыбанып жұмыс жасауда, күнделікті мәселелерді шешуде Александр Моисеевич күн сайын қарамағындағы жұмыскерлер мен жас мамандарға басшыға тән  қадір-қасиеттің озық үлгісін көрсетіп келеді. Соның бірі ұстамдылық пен сабыр – шұғыл түрде дұрыс әрі сауатты шешімдер қабылдау қабілеті. Александр Моисеевич энерготиімділікті арттыру, жұмысты жетілдіру жөнінде көптеген ұрымтал ұсыныстар енгізген.

5

Олардың көбін өнертапқыштық ұсыныс ретінде рәсімдемеген де. Оның  2019 жылғы сәуірдегі тағы бір ұсынысы жабдықтарға қызмет көрсету қауіпсіздігін, персонал қауіпсіздігін  жетілдіру және ауыстырулар барысында қателіктердің алдын алуға қатысты болды.

Александр Моисеевич жұмыстан тыс уақытта да белсенді адам. Қыста тау шаңғысымен (әсіресе «қара» қыраттан) сырғанағанды, ал жазда табиғат аясында демалып, балық аулағанды ұнатады. Жыл сайын Қапшағайда желкен астында жүреді. Машинаның білгірі, автокөлікті жөндеуде де алдына жан салмайды. Бос уақыты бола қалса кітап оқып, фантастика және комедиялық жанрдағы сүйікті фильмдерін, жаңадан шыққан туындыларды көруге әуес.

Александр Моисеевичтің ойынша, оның өмірдегі ең маңызды жетістігі – қоғамның маңызды бөлшегі  болмыс өнегелі отбасын құрғаны.

Осыған қоса ол табысқа жетудің үш басты құрамдасын атап көрсетеді: өз білімін үнемі жетілдіріп отыру,  жеке тәртіппен өмір сүру және еңбекқорлық. Оның ойынша,  адам өз жұмысынан рахаттанып, қуанышқа бөленуі керек.

7

- Энергетиктердің миссиясы –  халық игілігіне қызмет етіп, қоғамға пайда келтіру. Ең ауыры – өндірісте жұмыскерлермен болатын жазатайым жағдайды бастан өткеру және нақты жағдайларға байланысты ұстанымдарыңды қайта қарау. Сондықтан энергетиктің негізгі қасиеті – жауапкершілік, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіру және өз ісіңе деген махаббат.

Еңбек жолын енді бастаған жас мамандарға мақсатқа жетуде табандылық,  таңдаған кәсібін жетік меңгеріп,  шеберлігін шыңдауды және үнемі білім іздеуді, танымпаз, қайратты болуды тілеймін. Энергетика  саласы болашақты  айқындауда зор  әлеуетке ие, кез келген мемлекеттің экономикалық  дамуының негізі.  Баршаңызға бейбіт өмір, апатсыз, игілікті, абыройлы еңбек тілеймін!

2019.05.15
2019.05.15

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng