Энергетиктер Нұр-Сұлтан қаласында тұратын соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Республикалық «Жеңіс» қайырымдылық жобасын жалғастыруда.

 

Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтау – «Самұрық-Энерго» АҚ-да қалыптасқан жыл сайынғы дәстүр. Мереке қарсаңында, энергия холдингінің Корпоративтік орталығында, «Nur Otan» партиялық тобының қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында тұратын ардагерлерді құттықтау үшін ерікті түрде қайырымдылық қаражат жинау ұйымдастырылған болатын.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының «Жеңіс» қайырымдылық жобасы аясында, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қызметкерлері Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен, тыл еңбеккерлерімен және олардың отбасы мүшелерімен кездесті. 

фото 1. ветеран вов

94 жастағы соғыс ардагері Бақтыбай Алмабеков Алматы облысының тумасы. 1943 жылдың көктемінде әскерге шақырылып, Қиыр Шығыста қызмет еткен.

фото 8.военый билет ветерана войны samruk energy

фото 9. бактыбай амалбеков

1945 жылы Кеңес Одағы мен Жапонияның арасында соғыс басталғанда ол Манчжуриядағы (Қытайдың солтүстік-шығысы) Үлкен Хинган жотасы маңындағы соғыс қимылдарына қатысты.

фото 11. 2. амалбай бактыбеков

Бақтыбай Алмабековтің взводы, полктің құрамында, алынбас бекініс болып саналатын Жэхэ қамалын алуға қатысты. Жау талқандалып, тұтқындалған жапон солдаттары фронт шебінен шұғыл түрде аластатылып жатты. Осынау сәттерден естелік ретінде жас жауынгер өзінің майдандас досымен суретке түсіп, астына «Жэхэден сәлем. Кездесуді күтіңдер» деп жазған.

фото 11. фронтовые друзья

Бақтыбай Алмабеков әскери қызметтен 1950 жылы ғана босап, елге оралды. Соғыс жылдарында "Жапонияны жеңгені үшін" медалімен, екінші дәрежелі " Ұлы Отан соғысы" орденімен марапатталды.

фото 4.ветеран вов самрук энерго

Соғыстан кейін Бақтыбай ата агрономдар мектебінде оқып, 1953 жылы күзде тың және тыңайған жерлерді игеруге Ақмола облысына келді. 1985 жылы зейнетке шықты. "Тыңды игергені үшін" медалінің иегері. 2003 жылы Астана қаласына қоныс аударды. Сол жерден мемлекет оған екі бөлмелі пәтер берді.

фото 7.ветеран войны

Жұбайымен 1956 жылы отау құрды. Базкен Алмабекова екеуі үш ұл, екі қыздан 16 немере, 15 шөбере сүйіп отыр. «Самұрық-Энерго» АҚ және «Самұрық-Энерго» жергілікті кәсіподағы қызметкерлерінің атынан ардагердің отбасына материалдық көмек көрсетіліп, сыйлықтар табысталды.

фото 14. групповое фото с семьей ветерана вов

Энергия холдингінің өкілдері тыл еңбеккері Жамал Калинованың үйінде де болып, Жеңіс күнімен құттықтады.

фото 18.труженица тыла поздравили

Бұл кісінің жасы 84-те. Соғыс жылдарында ол, өзінің көптеген қатарластары секілді, үлкендермен бірге егіс алқабында еңбек етті. Жамал Калинова бидайдың масағы мен дәнін қалай жинағанын есінен шығармайды. Үй-іші болып қолғап тігіп, майдандағы совет солдаттарына жіберетін.

фото 21.труженица тыла рассказывает

фото 21 2. труженица тыла руки

«Әрбір отбасы 15 жұп қолғап пен 15 жұп шұлық тігуі керек. Мұның бәрі біздің солдаттарға кететін. Еңбекақыға бидай берілді. Осылайша ата-анамызға отбасын асырауға көмектесетінбіз. Бұл өмір соғыстың соңына дейін жалғасты», - деді тылдағы қиындықтарды әңгімелей отырып Жамал Калинова.

«Бәрі де майдан үшін! Бәрі де жеңіс үшін!» - бұл ұран тылда қалған кемпір-шалды да, әйел мен жас баланы да шетте қалдырмады, бәрі де фашистерді жеңуге өз үлесін қосты.

фото 20.жамал калинова

«Самұрық-Энерго» АҚ, «Самұрық-Энерго» жергілікті кәсіподағы қызметкерлерінің атынан ардагердің отбасына материалдық көмек көрсетіліп, сыйлықтар табысталды.  Жамал Калинова көрсеткен көмегі үшін энергетиктерге алғыс білдіріп, батасын берді.

фото 26. общее фото

Еңбек ардагері, Қостанай облысының тумасы Сейітнұр Серғалиев соғыс жылдарында тылда жұмыс істеп, бүкіл еңбек жолы ауыл шаруашылығымен байланысты болды.

фото 28.ветеран труда сергалиев сейтнур

Сейітнұр-ата «У-2», «Сталинец-80» секілді машиналармен жер жыртып, шебер тракторшы ретінде көзге түсті. 1954 жылы ол Тың игеруге қатысты.

фото 27.севетеран труда

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның қызметкерлері, «Самұрық-Энерго» жергілікті кәсіподағының төрағасы ақсақалды Жеңіс мерекесімен құттықтап, материалдық көмек көрсетті және өте мұқтаж болып тұрған есіту аппаратын табыс етті. Еңбек ардагері алғысын жаудырып, батасын берді.

фото 30.ветеран труда

Жібек Жанарбаева – тыл еңбеккері. Ол 1935 жылы Батыс Қазақстан облысында, мұғалімнің отбасында дүниеге келді.

фото 31. жанарбекова жибек

Соғыс жылдарында ол өзінің қатарластары секілді тағдырдың тауқыметі мен қиыншылықтарын басынан кешірді. Жеті жасынан бастап, Жеңіс жалауы желбіреген күнге дейін егіс алқабында бидайдың масағын терді. Кейін оны қол диірменде тартып, дәнін алатын.

фото 34. труженица тыла жибек жанарбаева

«Еңбек ардагері» медалымен, Ұлы Отан соғысындағы жеңіске арналған мерейтойлық медалдармен наградталған. Мынадай бір қызық оқиға Жібек әженің есінде қалыпты.

фото 33. показывает фото буденого

Соғыстан кейін, олардың ауылындағы жылқы зауытына армиядағы жылқының санын көбейту мақсатында армия командирі, әйгілі Семен Буденный келіпті. Мәртебелі мейманның құрметіне бүкіл оқушыларды спортзалға жиып, сапқа тұрғызады. Бұл кездесу оның өмір бойы есінде қалған. 

фото 32.буденый

«Бұл 1946 жылы болатын, ол кезде мен 6 сыныпта оқимын. Аты аңызға айналған батырмен кездесу үшін бүкіл мектеп болып спортзалда салтанатты сап түзеп тұрмыз. Мен сыныптағы оқушылардың ішінде бойым ең аласа болғандықтан, саптың соңындамын. Алайда, Буденный біз күткендей басты есіктен емес, шешінетін бөлме жақтағы есіктен кіріп келді. «Бұрыл» деген бұйрық беріліп, мен саптағы бірінші бола қалдым. Семен Михайлович менің қасыма келіп, қолымды қысты. Ал сапта әуелден бірінші болып тұрған, бойшаң сыныптасым Қайрат ең соңында қалып, оның қолын ешкім қыспады.  Содан Қайрат біразға дейін маған өкпелеп жүрді», - деп есіне алды Жібек Жанарбаева.

фото 35

Апайдың батыр аналарға берілетін "Күміс Алқа" белгісі мен Аналық медалі бар. Жолдасы екеуі 6 ұл-қыз тәрбиелеп, он екі немере мен сегіз шөбере сүйіп отыр.

фото 37

 «Самұрық-Энерго» АҚ, «Самұрық-Энерго» жергілікті кәсіподағы қызметкерлерінің атынан тыл еңбеккеріне материалдық көмек көрсетіліп, сыйлықтар табысталды.  Жібек әже көрсеткен көмегі үшін энергетиктерге алғыс білдіріп, батасын берді.

фото 39

«Жеңіс» қайырымдылық жобасы көзі тірі ҰОС қатысушыларын ардақтауға бағытталған. Оны ұлттық компаниялар, қоғамдық ұйымдар, белсенді жастардан құралған еріктелер және «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері іске асыруда. Жеңіс мерекесі құрметіне арнап, ардагерлерге Қазақстанның түпкір-түпкірінде көмек көрсетілуде.

 

Дәмір Айдаров

Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі

2019.05.13
2019.05.31

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng