«АлЭС» АҚ Қауіпсіздік көшбасшылары

«АлЭС» АҚ 2019 жылдың наурыз - сәуір айларында дәстүрлі түрде «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттері арасында еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты үздік ұйымдастыру» атты конкурсын өткізді.

1

- Байқау - конкурсы еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру, өндірістік департаменттердің Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қызметтерінің жұмыстарын ұйымдастыруды жақсарту және тиімділігін жоғарылату мақсатында өткізіледі,- деп Сенімділікті бақылау және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Марат Ақылбай сөз етті, байқаудың тапсырмасы – еңбекті қорғау саласындағы оң тәжірибелерді тарату және көтермелеу, еңбекті қорғау мәселелерін насихаттауды, жұмыскерлердің ақпараттандырылуы мен тартылуын күшейту, өз жұмысында көшбасшы болу – бұл еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаттарына өзінің шынайы қарым-қатынасын көрсету. 

2

Конкурсты өткізу кезеңінде арнайы құрылған комиссиямен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмыс көрсеткіштерін бағалайтын сауалнама, сондай-ақ ұсынылған материалдарға талдау жүргізілді.

2018 жылдағы жұмыс нәтижесі бойынша «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттері арасында еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты үздік ұйымдастыру» байқау-конкурсының қорытындысын шығару жыл сайын 28 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылды. Жүлделі орындарды байқау-конкурсының талаптарын орындаған және еңбек жағдайларын және еңбекті қорғауды жақсарту шараларын жүзеге асыруда жоғары нәтижелерге қол жеткізген қатысушылар алды.

3

Марапаттау рәсімін Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Г.Ж. Исмухамбетовтың және «АлЭС» Кәсіподағы» Филиалының төрағасы В.М. Ситдиковтың қатысуымен «АлЭС» АҚ Басқарма төрағасы Н.Т. Мухамед-Рахимов жүргізді.

Конкурс қорытындысы бойынша I-ші орынды Каскад ГЭС ұжымы алса, II-ші орынды 3-ЖЭО ұжымы тізгіндесе, ал III-ші орын Отынды қабылдау және түсіру орталығының қанжығасына бұйырды. «АлЭС» АҚ Басқарма төрағасы Н.Т. Мухамед-Рахимов жеңімпаздарды дипломмен марапаттап, ақшалай сыйақы ұсынды, ал байқау-конкурсында бірінші орынды иеленген ұжымға  - жүлдегер кубогын табыстады.  

- Компаниядағы еңбекті қорғауды жетілдіру жөніндегі жүйелі жұмыстың маңыздылығын ерекше атап өткен жөн. Еңбекті қорғау жөніндегі жұмыскерлерге өндірістік жарақатты, денсаулыққа келетін қауіпті болдырмау, оның алдын алу сияқты үлкен жауапкершілік жүктелген. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау – ол біріккен механизм сияқты жұмыс жасайтын жүйе. Аталған механизм жұмысын ұйымдастыру жұмыстағы бағыттарының бірі болып табылады,-деп Нұрлан Мұхамед-Рахимов өз ойымен бөлісті.   

- Біз конкурста бірінші орынға тізгін тіреп, жүлдегер кубогын алғанымызға өте қуаныштымыз. Каскад ГЭС жұмысының ерекшелігі ол станцияларының әр жерде орналасуы, сондықтан да уақыттың көпшілігі жұмыс орындарын тексерумен кетеді. Каскад ГЭС күшімен үлкен жұмыс атқарылды. Бұл ең бірінші еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі цех басшылары, инженерлік-техникалық жұмысшылардың қосқан зор үлестері, жалпы ұжымымыздың жеңісі, -деп Каскад ГЭС департаменті атынан ЕҚжЕҚ қызметінің аға инспекторы Наталья Гранкина сөйледі.

«АлЭС» АҚ департаменттері арасында байқау-конкурсын ұйымдастыру және оны өткізу «АлЭС» АҚ Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесінің, Сенімділікті бақылау және еңбекті қорғау басқармасының және «Энергия» Жергілікті кәсіподағы» ҚБ ««АлЭС» АҚ Кәсіподағы» филиалының бірлескен шешімі негізінде жүзеге асырылды.

2019.05.04
2019.05.04

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng