Қауіпсіздік бәрінен де маңызды

Қауіпсіздік бәрінен де маңызды

Екібастұз ГРЭС-2 станциясында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні жыл сайын атап өтіледі. Сол дәстүр биыл да жалғасып, 28 наурыз-26 сәуір аралығында Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айлығы өтті. Іс-шараның басты міндеті – жұмыс орындарында жазатайым оқиғалар мен аурулардың алдын алу.

Осы кезең ішінде станцияда алғашқы өрт сөндіру құралдары мен жеке қорғану құралдары, барлық қоршау құрылғыларының жай-күйі мен сенімділігі, жарамдылығы, техникалық жабдықтардағы жазулар мен нөмірлердің болуы, ойықтардың, құдықтардың, камералардың, каналдардың жабылуы тексерілді және ұжым мүшелерімен өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері пысықталды. Комиссия төрағасы, пайдалану жөніндегі бас инженер Болат Бұлымбаев, еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшы Мұрат Байтеміров, кәсіподақ комитетінің төрағасы Сәуле Галеева және СБ және ОТ мамандары құрамында комиссия құрылды. Сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер үшін "Үздік цех, учаске", "ТҚ және ЕҚ бойынша үздік ақпараттық стенд", «Жұмыс орнындағы нұсқаулық» байқаулары ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша әкімшілік-тұрмыстық кешеннің мәжіліс залында марапаттау өткізілді және орындар былайша бөлінді.

 

Аягөз Мүсәпірова,

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның

баспасөз хатшысы

2019.05.02
2019.05.03

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng