«Шын жүректен!»: «Самұрық-Энергоның» жастар кеңесі қайырымдылық акциясын өткізді.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Жастар кеңесі компанияның қызметкерлері дайындаған кондитерлік тағамдар жәрмеңкесін ұйымдастырды.

«Шын жүректен!»: «Самұрық-Энергоның» жастар кеңесі қайырымдылық акциясын өткізді.

   «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығының қызметкерлері үшін бүгінгі жұмыс күні тәтті басталды. Энергия холдингінің жас белсенділері – «Jas Energy» өздерінің әріптестерін «Шын жүректен!» акциясы аясында   ұйымдастырылған кондитерлік өнімдер мен дәмді тоқаштар жәрмеңкесімен қарсы алды. Тағамдардың бәрі қызметкерлердің өз қолдарымен дайындалған, ол оларды татып көру үшін арнайы купондар алса жеткілікті. Жәрмеңкеге келген әрбір мейман құны 500-ден 5000 теңгеге дейін болған арнайы «жүрекшелерді» сатып алып, кейін олар мөлдір жәшікте жиналды.

   «Біз бірінші кезекте компаниямыздың назарын көмекке мұқтаж жандарға аударуға тырыстық. Жастарымыздың мұндай іс-шараларды жүрек қалауымен және өз күшімен өткізуге дайын екенін көрсете білдік», - деді Жастар кеңесінің көшбасшысы Динара Мизамбаева. Ол «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығы қызметкерлерінің жоғары белсенділік танытып, акция нәтижесінде 300 мыңға жуық теңге жиналғанын ризашылықпен атап өтті. Жиналған қаражат, елорда әкімдігінің көмегімен, Нұр-Сұлтан қаласының көпбалалы отбасыларына берілетін болады.

   «Jas Energy» белсенділерінің айтуынша, олар бұдан кейін де энергия холдингінің қайырымды істеріне өз үлесін қоса береді.

   «Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі

2019.04.24
2019.04.29

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng