КЕНТ ТАЗАЛЫҒЫ ЭНЕРГЕТИКТЕРДІҢ ҚОЛЫНДА

КЕНТ ТАЗАЛЫҒЫ ЭНЕРГЕТИКТЕРДІҢ ҚОЛЫНДА

Екібастұз МАЭС-2 қызметкерлері көктемгі тазалық айлығы аясында өтетін "Таза жұма" акциясына қатысты. Әр цех бекітілген жердегі ағаштарды әктеп, қоршауды ретке келтіріп, тазалау және абаттандыру бойынша барлық жұмыстарды орындады. Бірнеше сағат ішінде үлкен көлемде тұрмыстық қоқыс жиналды. Бұл тек тазалық жұмыстары ғана емес, сонымен қатар ұжымды біріктіру тәсілі болып табылады. Осылайша Қоғам қызметкерлерінің бейресми қарым-қатынас жасауға, бір-бірін жақсы біліп тануға мүмкіндік болды. Өйткені, жұмыла жасалған еңбек сияқты адамдарды ештеңе біріктіре алмайды. Кентіміз аз болса да тазарды. Тазалық айлығы мамыр айына дейін жалғасады.

Аягөз Мусапирова,

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның

баспасөз хатшысы

2019.04.19
2019.04.19

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng