«АлЭс» АҚ-та қызметкерлер мен басшылардың лауазымдық нұcқаулықтары қайта қаралады

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның жаңа ұйымдық құрылымды енгізу жөніндегі Жобалау командасы  «АлЭС» АҚ HR блогы үшін оқу семинарын өткізді. Кездесуде станция мамандарының лауазымдарын сипаттаудың жаңа бағыттары қаралды.

Жоба аясында «Алматы электр станциялары» АҚ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын (бұдан әрі – ЛН) қайта қарау жұмыстары қарастырылды. Жобалау командасының қатысушылары сипаттау жұмыстарының ЛН-нан ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

«Сіздер ең алдымен лауазымды сипаттау тек дара лауазымды ғана емес, сол қызметтегі тұлғаның кәсіби ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік беретінін түсінулеріңіз қажет. Лауазым компанияның тиімді жұмыс істеуі үшін құндылыққа ие болуы тиіс. Сондықтан да сол лауазым сипаттауына байланысты Самұрық-Энергоның Басқармасында бекітілуіне қарай жалақы деңгейі де өзгеруі мүмкін», - деп атап өтті жобалау командасының мүшесі Ксения Бердник.

123123123

Лауазымдық сипаттау қалыптасқан лауазымдық нұсқаулықтан ерекшеленеді. Құжатта мақсаттар, лауазымға қойылатын компанияның даму стратегиясында сипатталған негізгі талап-көрсеткіштер (қаржылық, қаржылық емес), қызметкердің білік-дағдысын, тәжірибесін, жауапкершілік шегін қамтитын біліктілік талаптары  секілді тармақтар бар. Жобалау командасы атап өткендей, бұл жаңашылдық лауазымды мейлінше дұрыс бағалауға және грейд жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Жұмыс кездесуі барысында жобалау командасы «АлЭС» топ-менеджерлерімен сұхбат өткізді. Семинар қорытындысы бойынша лауазым сипаттауларының жобалары әзірленді. Қорытынды құжаттар 2019 жылғы мамырға дейін Самұрық-Энерго Басқармасында қаралатын болады.

«АлЭС» басшыларымен интервью жүргізу жауапкершілік шегі мен компания жұмысындағы негізгі мәселелерді айқындау дегенді білдіреді. Ал осындай жүзбе-жүз кездесіп, әңгімелесу лауазым сипаттауларын дұрыс әзірлеуге мүмкіндік береді», - деп қорытындылады Ксения Бердник.

Материалды «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформаиялау командасы әзірледі.

2019.04.02
2019.04.02
  • Қаз
  • Рус
  • Eng