Қазақстанда ЖЭК-інің дамуы туралы

Ағымдағы жылғы қаңтарда Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК-інің)                5 нысаны іске тапсырылды. Бұл туралы Қазақстанның электр энергиясы мен көмірінің                 2019 жылғы қаңтардағы нарығы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ әзірлеген талдамалық есепте айтылады. Бұл жерде сөз Алматы облысындағы Кербұлақ 1 - 4,5 МВт ЖЭС және Кербұлақ 2 - 4,5 МВт ЖЭС (жел электр станциялары); Қарағанды облысындағы  «Гүлшат» КПМ Дельта – 40 МВт КЭС (күн электр станциясы); Маңғыстау облысындағы  Жел энерготехнологиясы – 52,8 МВт ЖЭС (жел электр станциясы); Қарағанды облысындағы «Құрма» агрофирмасының 1,3 МВт Биогаз қондырғысы туралы болып отыр.

Республикадағы жұмыс істеп тұрған ЖЭК нысандарының саны 72-ге жетіп, жиынтық қуаттылығы 634 МВт-ты құрады (СЭС – 200,25 МВт; ЖЭС – 183,25 МВт; КЭС – 249 МВт; биогаз қондырғысы – 1,65 МВт).

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның ЖЭК нысандары (шағын СЭС-тер, ЖЭС, КЭС) 2019 жылғы қаңтарда 26 млн. кВтсағат электр энергиясын өндірді, бұл ЖЭК нысандары өндірген электр энергиясының жалпы көлемінің 27,5% -тін құрайды.

Тұтас алғанда, Жүйелік оператордың деректері бойынша, ҚР электр станциялары               2019 жылғы қаңтарда  9 944,4 млн. кВтсағат электр энергиясын өндірген. 2019 жылғы қаңтарда өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда электр энергиясын өндіру Түркістан облысында айтарлықтай өскен (өсім 20% және одан астам). Дегенмен, электр энергиясын өндіру Алматы, Жамбыл, Қостанай және Павлодар облыстарында төмендеген (5%-тен астам).

Қазақстанның электр энергиясы мен көмірінің 2018 жылғы нарығы туралы ақпаратты  «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Нарықты дамыту» департаменті дайындаған есептен мынадай: https://www.samruk-energy.kz/kz/press/analitikaly-sholu сілтеме бойынша алуға болады.

 

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.

________________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс

және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 

2019.03.19
2019.03.19
  • Қаз
  • Рус
  • Eng