ҰЙЫМ БАСШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!

«Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) «Арнайы аяқ киім» санаты бойынша Қор деңгейінде пилоттық сатып алу санаттық стратегиясын іске асыру аясындағы «бұдан әрі – Стратегия) келіссөз күнінің 2019 жылғы 29 наурызға сағат 10:00-ге ауыстырылғанын хабарлайды.

Алда болатын бәсекелес келіссөздерге рұқсат алу мақсатында өнім берушілер Қоғамға құжаттарды Стратегияда белгіленген талаптарға сәйкес әзірленген іріктеу критерийлеріне сай жолдауы қажет. Бәсекелес келіссөздерге қатысу үшін Өтінімдер берудің соңғы күні: 2019 жылғы «29» наурыз,  Астана қ. жергілікті уақыты бойынша сағ. 10:00-ге дейін.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін келіссөз тобы жоғарыда аталған талаптарға сәйкес конверттерді ашу рәсімін жүзеге асырады. Ұсынылған құжаттаманы қарау нәтижелері бойынша бәсекелес келіссөздерге рұқсат беру хаттамасына қол қойылып, аталған ақпарат әлеуетті өнім берушілерге жолданады. 

Барлық туындаған сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласу қажет: +7 7172 69 23 89.

Қосымша

2019.03.14
2019.03.20
  • Қаз
  • Рус
  • Eng