Самұрық-Энерго: бедел – компанияның басты активі

Самұрық-Энерго: бедел – компанияның басты активі

«Самұрық-Энергода» өткен семинарда «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-нің, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның, «Алматы электр станциялары» АҚ-ның, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің, «Шардара СЭС» АҚ-ның, О.Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ-ның, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-нің,  «Богатырь Көмір» ЖШС-нің, «Samruk Green Energy» ЖШС-нің баспасөз хатшылары бас қосты.   

Өз қолымыздан келеді: «Самұрық-Энерго» компанияларының баспасөз қызметтеріне арнап өткізілген семинарға шеттен бизнес-бапкер шақырмаймыз деп ұйғарылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен қалай жұмыс істеу керек, баспасөз қызметтерінің тиімді өзара іс-қимыл жасауы, компанияның қызметін сайтта және әлеуметтік желілерде ақпараттық сүйемелдеу,  мультимедиялық журналистика – міне осы және өзге де мәселелер «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарының бұқарамен байланыс жөніндегі мамандарына арнап өткізілген семинарда кеңінен талқыланды.

1

Семинарға қатысушылармен энергия холдингінің басшылығы кездесті. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов «Самұрық-Энерго» компаниялар тобының атқарып отырған жұмысы және Қазақстан экономикасындағы алатын орны туралы жұртшылыққа ақпарат берудің маңыздылығын атап өтті.

2

«Еліміз өзінің энергетикалық қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілетінін білуге тиіс. Біздің жұмысымызға берілетін баға, өндірістегі ауыр жұмыста жүрген мыңдаған адамдардың еңбегіне берілетін баға көп жағдайда баспасөз қызметі мен PR бөлімшенің  жұмысына байланысты. Абырой-бедел жылдап жүріп жиналады, соның ішінде ол тиімді ақпараттық-имидждік жұмыстан да құралады», - деп атап өтті Бақытжан Жоламанов.

б.жуламанов

 «Самұрық-Энерго» АҚ-да біліктілік арттыру семинарын жаңа форматта өткізу туралы шешім қабылданды. Шеттен медиа-бапкер шақырмай-ақ, іс-шараға қатысушылар өздерінің көп жыл бойы жинақтаған жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

3

Бүгінде энергия холдингіне қарасты компаниялардың PR және GR бөлімшелерінде бұқарамен байланыс саласындағы, мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордың баспасөз қызметтеріндегі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы үлкен жұмыс тәжірибесіне ие  мамандар бар.

«Семинар үстінде бір-бірімізбен жақыннан танысуға, қордаланған проблемаларды ортаға салып, тәжірибе алмасуға және масс-медиа дамының жаңа трендтерін талқыға шығаруға жақсы мүмкіндік туды. Өңірлерде қызмет атқарып жүрген әріптестеріміздің, осы семинарға шақырылған БАҚ саласындағы сарапшылардың ой-пікірі біз үшін үлкен маңызға ие», - деп «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисінің басшысы Ханат Айменов семинардың ашылуында атап өтті. 

4

Ол «Самұрық-Энерго» холдингінің GR-коммуникациялар саласындағы негізгі мәселелері туралы әңгімелеп берді. Орталық БАҚ-тардағы, ҚР Үкіметіндегі және ұлттық компаниялардағы  үлкен жұмыс тәжрибесіне ие, кәсіби журналист Ханат Айменов өзінің сөзінде атқарушы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасаудың ерекшеліктеріне тоқталды.

6

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның баспасөз хатшысы Ринат Тасболатов семинарда PR-бөлімшелердің міндеті мен жұмысының негізгі қағидаттары, дағдарыс кезіндегі іс-қимылы туралы әңгімелеп берді:  «Акционерлер және өзге стейкхолдерлер, әлеуетті инвесторлар компанияның медиа-кеңістіктегі жұмысын, операциялық қызметі мен қаржылық есептерін жіті бақылап отырады. Сондықтан баспасөз қызметінің сауатты іс-қимылы айрықша маңызды. Кәсіпорын жақсы жұмыс істеуі мүмкін, алайда, PR-коммуникациялар дұрыс жолға қойылмаса, мұны ешкім біле бермейді».

7

«Хабар» телеарнасы Жаңалықтар бөлімінің шығарушы редакторы Гүлфариза Рамазанова бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері баспасөз қызметтерінен нені күтетінін айтып берді. Өз сөзінде ол жаңалықтарды дайындаудың қағидттары мен келіп түсетін ақпаратты іріктеудің талаптарын түсіндіріп, тәжірибе бөлісу дәрісін өткізді.   

8

Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы шығаратын SK News корпоративтік газеті мен sknews.kz порталы «Самұрық-Қазына» Қорының портфельдік компанияларына үлкен ақпараттық қолдау көрсетеді.  Бұл басылымдар қандай мүмкіндікке ие, порталдың мультимедиялық әлеуеті қандай, баспасөз қызметтерінен келетін материалдарға қандай талаптар қойылады – міне осы және өзге де мәселелер туралы «ӘӨКО» ЖМ әлеуметтік және коммуникациялық жобаларының басшысы Дархан Уәлиханов әңгімелеп берді.

9

«ӘӨКО» міндеттері қатарына ішкі коммуникацияларды дамыту жатады және де «SK News» корпоративтік газеті мен оның серігі – «Самұрық-Энергоның» құрамына кіретін компаниялардың, еңбек адамдарының тыныс-тіршілігі үнемі жарияланып тұратын sknews.kz порталы бұл бағыттағы жұмыстың бір құралы болып табылады. Біз алдағы уақытта ақпарат алмасуға, тың тақырыптар мен идеяларды қосылып іздеуге мүдделіміз», - деп атап өтті Дархан Уалиханов.

10

Семинар барысында оған қатысушылар кәсіпорындардың сайттарында ақпараттық сүйемелдеу мәселелерін, мемлекеттік тілде материалдар дайындаудың ережелері  мен жиі кездесетін қателерді, Трансформация бағдарламасының іске асырылуын баспасөз беттерінде жариялау мәселелерін, комплаенс-тәуекелдерді талқыға салды.

11

ЕТҰ-лардың бірқатарында бұқарамен байланыс жөніндегі мамандар ауысқанын ескерсек, кәсіби журналистер бөліскен ақпарат өзекті болды.

12

«Өте пайдалы, мазмұнды, ең бастысы – жаңалыққа толы ақпарат мол болды.  Әріптестеріміздің білім-тәжірибесі үлкен құрметке лайық. Осындай сенімді қолдау бар екені қуантады. Маған сайтпен жұмыс істеу жөніндегі практикалық кеңестер өте ұнады. Көкейге түйгенім көп, соларды бүгіннің өзінде-ақ өз жұмысымда қолданғым келеді», - деп ой бөлісті «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-нің бұқарамен және инвесторлармен байланыс жөніндегі маманы Анжела Кенжина.

1123123

«Бұл кездесу «Самұрық-Энергоның» портфельдік компанияларының баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтерінің редакторларына өз тәжірибесімен бөлісіп, әріптестерінің озық тәжірибесін үйренуге мүмкіндік берді. Әрбір қатысушының өзіне керектісін алғаны сөзсіз. Бәлкім, өз жұмысында жетпей жатқанын алған болар, - деп семинардың маңызын атап өтті «Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметінің редакторы Марина Понкратова.

121312313123

22222222222222

 «Семинарда біз уақытты өте нәтижелі өткіздік. Үзеңгілес достарымызбен  кездестік, жаңа әріптестерімізбен таныстық.  Көкейде тұрған ой көп, енді жұмысты қайта ұйымдастыру, не нәрсеге назар аудару керектігін  ойланатын боламыз», - деді «Алматы электр станциялары» АҚ-ның баспасөз хатшысы Айгүл Қорғанбаева.

33333333333333

4444444444444

Семинар барысында ол, пиаршының жұмысы жан-жақты екенін және оның әмбебап болуы керектігін тағы да дәлелдей отырып, мақалаларды және корпоративтік газетті дайындау кезінде фото материалдарды қалай пайдалану туралы пайдалы кеңес берді.

Астанада өткен екі күндік семинарға «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-нің, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның, «Алматы электр станциялары» АҚ-ның, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің, «Шардара СЭС» АҚ-ның, О.Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ-ның, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-нің,  «Богатырь Көмір» ЖШС-нің, «Samruk Green Energy» ЖШС-нің баспасөз хатшылары шақырылды.

5555555555

66666666666

Астанадағы іс-шараны энергия холдингінің Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі Компания басшылығының және «Самұрық-Энерго» Жергілікті кәсіподағының» қолдауымен өткізді. 

Дәмір Айдаров

 

2019.03.05
2019.03.05
  • Қаз
  • Рус
  • Eng