«Самұрық-Энергода» ЕТҰ-лардың 2018 жылғы жұмыс қорытындылары қаралды

«Самұрық-Энерго» АҚ-да еншілес және тәуелді ұйымдардың 2018 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің қорытындылары қаралды және 2019 жылғы міндеттер талқыланды.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов, компанияның қарыздарын 50 млрд. теңгеге қысқарту арқылы қаржылық тәуекелдің «қызыл аймағынан» шығу жөніндегі іс-қимылы, сондай-ақ 2018 жылдың қорытындысы бойынша EBITDA көрсеткішінің өсуі үшін акционер – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ энергия холдингіне оң баға бергенін атап өтті. 

«2018 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ негізгі бағдарламалық құжатты – Қоғамның 2018-2028 жылдарға дейінгі даму стратегиясын жаңарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Оны ойдағыдай іске асыру және 2019-2023 жылдарға арналған Жоспарды орындау әрбір компанияның негзгі міндеті», - деп атап өтті Бақытжан Жоламанов. 

zhulamanov

Жиналыс барысында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Шардара СЭС» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Бірінші жел электрстанциясы» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Samruk Green Energy» ЖШС, «Ресурсэнергоуголь» ААҚ, «Energy Solutions Center» ЖШС секілді ЕТҰ-ларының басшылары компаниялардағы жұмыстың жай-күйін баяндап,   кәсіпорындардың бұдан кейінгі жұмысына қатысты ұсыныстарын айтты.

soveshanie

Атап өтейік, Қоғамның өндіруші компаниялары 2018 жылы өндірістік көрсеткіштерін 100%-ке орындады. Өндірілген электр энергиясының көлемі 31,7 млрд кВтсағатты құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 11%-ке жоғары.  Жоспарланған 41,3 млн. тоннаның орнына 45,2 млн. тонна көмір сатылды.  

Жиналыс қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы ЕТҰ-лардың басшыларына бірқатар тапсырмалар берді, атап айтқанда, өндірістегі жазатайым оқиғаларға жол бермеуді, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылық мәселелерін бақылауда ұстауды тапсырды.

Мұндай форматтағы жиналыстар әр тоқсан сайын тұрақты түрде өткізілетін болады.

soveshanie2

 

2019.02.27
2019.02.27

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng