Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Самұрық-Энерго» АҚ-ның рейтингін «ВВ» деңгейінде растады, болжам - «Тұрақты»

Fitch агенттігі мемлекетпен байланысты компанияларды рейтингілейтін Fitch Ratings әдістемесі бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін шетел және ұлттық валютада «ВВ» деңгейінде растағанын атап өтті,  болжам - «Тұрақты».

Рейтинтерді растау Компанияның заемдық құралдар үлесін азайтуда, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде елеулі жетістіктерге және Топтың 2018 жылы талдаушылардың болжалдарынан асып кеткен айтарлықтай қаржылық нәтижелерге қол жеткізуіне байланысты.

Расталған рейтинг Агенттіктің 2019 жылдан бастап тарифтер мен қуат нарығын енгізу жөніндегі заңнамадағы жаңалықтар туралы, сондай-ақ Топ  шекті тарифті түзету және келешкте, оның ішінде оның жаңа қуаттарды ендіру есебінен жеке тарифтерді алу бойынша жүргізетін шаралар туралы пікірді қамтиды.

Компания кірістерінің ұлғаюымен бірге Агенттік қарыз жүктемесінің айтарлықтай азайғанын және осының салдарынан жалпы қаржы левериджі көрсеткішінің жақсарғанын атап өтті.

Бұған қоса, Компанияның ең қымбат тұратын кредиттерді қайта қаржыландыруға бағытталған Азия даму банкінен қаражат тарту түріндегі кредиттік портфель сапасының жақсарғаны атап өтілді. Компанияның кредиттік портфелінің құрылымындағы халықаралық қаржылық институттарының үлесі 30%-ды құрайды, бұл Топтың скоринг балына айтарлықтай әсер етеді. Бұл ретте, Компания қарыз портфелінің құрылымындағы шетел кредиттерінің үлесін одан әрі ұлғайтуды жоспарлайды.

Агенттік сонымен қатар валюталық тәуекелдің деңгейін 2016 жылдың аяғындағы 60%-дан 2018 жылдың соңында жалпы қарыздың 20%-ына дейін қысқарғанын және одан әрі азаюы болжанатынын, сондай-ақ топтың валюталық тәуекелдерді хеджирлеу бойынша жүргізетін шараларын атап өтті.

Fitch Компания Самұрық-Энергоның мемлекетпен арадағы мәртебесін, меншік құқығын және басқару каналдарын 100% мемлекеттік меншікте болғандықтан, мықты ретінде жоғары бағалайды. 2018 жылы Самұрық-Энергоның үлесіне елдің электр энергиясы өндіру көлемінің шамамен 30%-ы және көмір өндіру көлемінің шамамен 40%-ы келеді.

Самұрық-Энергоның әлеуетті дефолтының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бірқалыпты деп бағалау Агенттіктің бас компания өз міндеттерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда еншілес құрылымдардың операциялық қызметінің көп бөлігі жалғасады деген пікірін көрсетеді.

Сонымен қатар, Агенттік Самұрық-Энергода өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін толық жабу үшін өтімділік деңгейі жеткілікті және ақша қаражатының бар екенін атап өтеді.

2019.02.26
2019.02.26

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng