Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 100 млрд кВт сағаттан асты. «Самұрық-Энерго» 2018 жылды қорытындылады.

Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 100 млрд кВт сағаттан асты. «Самұрық-Энерго» 2018 жылды қорытындылады.

Былтыр алғаш рет Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өтті. Оның қорытындылары бойынша, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес кәсіпорындары Қазақстан Республикасы БЭЖ-дің Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша сатқан қуаттың жиынтық көлемі, қызметтің ең жоғары құнымен 2 148,7 МВт-ты құрады, бұл ҚҚС-сыз айына 590 мың теңге/МВт болатын шекті тариф деңгейінде.

Қуаттың өткізілген сауда-саттық нәтижелері «Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергетикалық жабдығы 2019 жылы үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында толыққанды инвестициялық  жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. 

«Самұрық-Энергоның» өндіруші кәсіпорындарында жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары ескірген жабдыққа тың серпін берді, ал жаңа нысандарды құру түсетін салмақты едәуір азайтып, электр энергиясына деген тапшылықтың орнын толтырды. Мәселен, 2018 жылы Шардара СЭС-інде жүргізіліп отырған ауқымды жаңғырту жұмыстары аясында  станциядағы төрт су агрегатының біріншісі іске қосылды. Тозығы жеткен жабдықты жаңалау жұмыстары  2020 жылға дейін есептелген. Осы уақыт ішінде  төрт су агрегатының бәрін де ауыстыру жоспарлануда. Жаңа жабдық СЭС-тің қуатын қазіргі 100 МВт-тан 126 МВт-қа дейін ұлғайтады. Бұл жоба электр энергиясының тапшылығын сезініп отырған Түркістан облысын қамтамасыз ету үшін үлкен маңызға ие. 

Холдингтің алдағы уақыттағы басым бағыттары қатарында ЖЭК (жаңартылатын энергия көздері) үлесін арттыру да бар. Холдинг 60 МВт-тық Ерейментау жел электр станциясының екінші жобасын және Алматы облысы, Шелек ауылындағы жел электр станциясын іске асыруды жоспарлап отыр. 

«Самұрық-Энерго» мамандарының сөзінше, 2019 жылы компания стратегиялық мынадай  бастамаларды: сатудың рентабелділігі мен қызметтің тиімділігін арттыруды;  инвестициялық бағдарламаларды тиімділікпен жүзеге асыруды; корпоративтік басқару мен орнықты дамуды қолға алады.  Сатудың рентабелділігін арттыру үшін бірқатар іс-шараларды іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, электр энергиясы мен көмірдің ішкі нарықта сатылуын ұлғайту. Болжамданып отырған баланс аясында электр энергиясын ішкі нарықта сатудың көлемін алдағы 2028 жылға дейін 36,1 млрд.кВт.сағатқа жеткізу көзделіп отыр.  

 

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

 

Қазақстанның электр энергиясы мен көмірінің 2018 жылғы нарығы туралы ақпаратпен  «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Нарықты дамыту» департаменті дайындаған есепте мынадай сілтемелер бойынша: https://www.samruk-energy.kz/kz/press/analitikaly-sholu (қазақ тілінде) және https://www.samruk-energy.kz/ru/press/analytical-report (орыс тілінде) кеңірек танысуға болады.

 

________________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс

және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 

2019.02.08
2019.02.11

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng