«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

 «Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі Бейбіт Қарымсақов «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Оның кандидатурасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының 2019 жылғы 28 қаңтардағы отырысында бекітілді.

Бейбіт Қарымсақов 1962 жылғы 31 қазанда Жамбыл облысында туған. 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономикалық ақпаратты механикаландырылған өңдеуді ұйымдастыру» мамандығы бойынша, 2004 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Заңгерлік» мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Алматы қаласының және Алматы облысының салық органдарында басшылық қызмет атқарды, Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді. 2015-2018 жж. – «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ АҚ Басқарушы директоры, 2018 жылғы қаңтардан бастап – «Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры.

2019.02.01
2019.02.04

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng