«Самұрық-Энерго»өндірісті цифрландыруды жетілдіреді

«Самұрық-Энерго» АҚ Электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) жаңғырту жөніндегі жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Жүйе пилоттық режимде Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 енгізіледі, содан кейін оны қазақстандық электр энергетикалық холдингінің басқа компанияларында: «Алматы Электр Станциялары» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Шардара ГЭС» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС, «Samruk-Green Energy» ЖШС-да қолдану көзделген.

Электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесі – бұл өндірілген, берілген, бөліп-таратылған және тұтынылған электр энергиясы мен қуатының саны туралы шынайы ақпарат алуды қамтамасыз ететін технологиялық шешім.   

ЭКЕАЖ есепті автоматтандыруға, оның неғұрлым дәлдігіне қол жеткізуге, энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу мен түзетуге қажетті талдамалық ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, ЭКЕАЖ «Самұрық-Энергоның» бірқатар компанияларында ұзақ уақыттан бері пайдаланылып келеді. Мәселен, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да ол 2013 жылдан бері жұмыс істеуде.

Жүйені түбегейлі жаңғырту оның технологиялық сенімділігін сапа тұрғысынан жаңа деңгейге көтереді және функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Одан тыс, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Цифрландыру Офисі» мамандарының сөзінше, Электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін жаңғырту жеткізіп берушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара есеп айырысудың дәлдігі мен ашықтығын арттырып, энергияның үнемделуіне септігін тигізетін болады, ал оның бас компанияның платформасында орталықтандырылуы мәселелердің кең ауқымын жедел шешуге – электр энергиясын өндіруді онлайн-мониторингілеу және бақылаудан бастап, кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін анықтауға дейін мүмкіндік береді.

«Самұрық-Энерго» АҚҚазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

______________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 

2019.01.24
2019.01.24
  • Қаз
  • Рус
  • Eng