«АлЭС» тұлғалары: Сергей Скворцов, 1-ЖЭО өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы

«АлЭС» тұлғалары: Сергей Скворцов, 1-ЖЭО өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы

Сергей Михайловичтің 1-ЖЭО-да қызмет атқарып жүргеніне биыл 40 жыл толмақ. Ол артық сөзі жоқ, әрдайым салмақты, өмірлік қағидасына нық сенімді, нақты жоспармен өмір сүретін адам. Осындай керемет қасиеттері таң қалдырмай қоймайды. «Бұл қалай болуы мүмкін?» деген сұрақ та пайда болады.

Есептеулермен және сандармен жұмыс істейтін адам өмірде де, қызметте де тек осындай тиянақты болуы мүмкін. Еңбек демалысы кезінде де Сергей Михайлович басқа қызметкерлер сияқты сағат 8.00-де қызмет орнына бастаған жұмысын аяқтау үшін келеді, ал оны бітіре салып, басқасына кірісуін қалай түсіндіруге болады?! Ондай кездері тіпте өндіріс цехтеріне соға кетуі де әбден мүмкін.

Қазіргі жастарға бұны түсіну қиын. Өйткені, өз жұмысын жанындай жақсы көріп, соған құлай берілген адам ғана осылай істей алады. Сергей Михайлович Скворцов – еңбек адамы. Өзінің екінші үйіне айналған кәсіпорынның гүлденуі үшін тер төгіп жүрген қызметкер.

12

- Менің ағам Новосибирск электртехникалық институтында оқыды. Барлық туыстарым ауыр өнеркәсіптерде қызмет атқарды. Мен де сол салаға баруды ұйғардым. Сол жылдары Павлодар қаласының кәсіпорындарына мамандарды дайындайтын Павлодар индустриялдық институтына оқуға түстім. Одан кейін мен Алматы қаласына әскерге кеттім. Мүмкін сол уақытта тағдырым шешіліп қойған шығар. Мен осы керемет әдемі қалада қалып қойдым. Әскерден соң білімімді жетілдіру мақсатында «Жылу электр станциялары» мамандығы бойынша Алматы энергетикалық институтына оқуға түстім. 1979 жылдан бастап энергетика саласында қызмет етіп келемін.

13

- Менің ағам Новосибирск электртехникалық институтында оқыды. Барлық туыстарым ауыр өнеркәсіптерде қызмет атқарды. Мен де сол салаға баруды ұйғардым. Сол жылдары Павлодар қаласының кәсіпорындарына мамандарды дайындайтын Павлодар индустриялдық институтына оқуға түстім. Одан кейін мен Алматы қаласына әскерге кеттім. Мүмкін сол уақытта тағдырым шешіліп қойған шығар. Мен осы керемет әдемі қалада қалып қойдым. Әскерден соң білімімді жетілдіру мақсатында «Жылу электр станциялары» мамандығы бойынша Алматы энергетикалық институтына оқуға түстім. 1979 жылдан бастап энергетика саласында қызмет етіп келемін.

15

Менің алғашқы лауазымым турбиналық цехтің кезекші электрслесарі болды. 1-ЖЭО жұмысқа келген кезімде цех бастығының орынбасары Владимир Иванович Седловский, ал ауысым бастығы Владимир Алексеевич Овчинников болды. Олар өте тәжірибелі мамандар еді. Владимир Алексеевич біз істеп көрмеген тапсырмаларды орындауға беретін. Бұл тапсырмаларды орындағанда бізді өз тарапынан сынайтындай түйілетін. Кейде мен түнгі ауысымдарда жабдықтар мен құбыр желілерін аралап, ысырмалардың, аспаптардың орындарын есімде сақтап, сызбалар жасайтынмын. Сосын Владимир Алексеевичке келіп, екеуміз оларды түпнұсқалармен салыстыратынбыз. Ол өндірісте болатын әртүрлі апаттық жағдайлар туралы және олардан шығу жолдарын айтатын

Сол жылдары кәсіпорын қызметкерлері арасында әртүрлі цехтер мен мамандықтардың үздік жұмысшыларын анықтау мақсатында социалистік жарыстар өткізілетін. 1982 жылы мен турбиналық жабдықтардың үздік машинисі атандым. Бұл мені әрі қарай өсуге ынталандырды. Мен аға машинист лауазымына емтихан тапсырып, орын босаған кезде сол лауазымға ауыстым. Ол уақытта мен институттың сырттай бөлімінің соңғы курсында едім. Өндірісті ұйымдастыру саласында теориялық білімім болды. Одан соң мен турбиналық цехтің станция ауысымының бастығы лауазымына емтихан тапсырдым. Жылу энергетигі дипломын алғаннан кейін бастықтың орынбасары лауазымына ауыстым.

14

Осында қызмет істеп жүріп кездестірген достарымды атап кетпесем болмас. Біз өміріміздің үлкен бөлігін жұмыста өткіземіз және әріптестер достарға айналады, ал кей жағдайда тіпті туыс та болып кетеді. Сол кезде химиялық цехтің бастығы болған Ғалым Әбілдиновпен өмірлік дос болып кеттік.

16

Қазір мен 1-ЖЭО өндірістік-техникалық бөлімнің бастығымын. Біздің бөлім өндірістік жоспарларды және материалдарды дайындайды, соларға сүйене отырып барлық кәсіпорын жұмыс істейді.

Одан басқа, біз есептеулер мен жылу және электр энергиясын жіберу актілерін, пайдаланылған ауыз суының және табиғи газдың актілерін әр ай сайын қорытынды өзара есептеулер жүргіземіз. Әрине, біздің жеткізушілер мен өнімді пайдаланушылар, сонымен қатар бақылаушы мемлекеттік қызметтер тексеріп отырады, бірақ 1-ЖЭО бойынша ескертулер болмайды. Бұл ӨТБ инженерлерінің және басқа цехтер мен коммерциялық есеп аспаптарының жұмысын бақылайтын және қалыпта ұстайтын қызмет мамандарының жетістігі деп бағалаймын.

Бірде, қол астымда істейтін қызметкер қателессе, оған қалай қарайсыз деген сұрақ қойылды маған. 1918 жылы V Кеңестер съезіндегі баяндамасында В.И.Ленин былай деген болатын: «Іс жүзінде еш нәрсе істемейтін адам ғана қателеспейді». Мен үшін қызметкерлердің білімге, жаңа тәжірибеге деген құлшыныстары маңызды, ал кіші-гірім қателіктер болып тұрады. Адамды жіберген бір қателігі үшін айыптау дұрыс емес. Нәтижесінде аяқталған құжатты мен өзім тексеріп отырамын.

Осыған орай бір өсиет әңгіме бар. Жапонияда жапон техникасын жасау кезінде, конвейерлерде әр жұмысшыда конвейерді тоқтату түймешесі болған. Егер кімде-кім өз жұмысынан мін тапса, тексеру және қажет болса мәселені шешу мақсатында оның желіні тоқтатуға құқығы болған. Жұмысшылар бұл түймешені жиі пайдаланған.

Өз әріптестеріңе, достарыңа деген адами қарым-қатынас әрдайым бірінші орында болуы тиіс. Сонымен қатар мен басқаларға ақыл үйретуге тырыспаймын. Менің ойымша, үйретіп, бағыттаған дұрыс деп санаймын».

17

Қаржылық тұрақсыздық орын алған 90-жылдары Сергей Михайлович, Хамит Рахимович Мамурбековпен және Рахим Лукпанович Мухамедгалиевпен бірігіп, станцияда жүйелік суды екі қосымша бу жылытқыштарын орнатуды ұсынды және ұйымдастырды. Сонын арқасында көмір жағатын энергетикалық қазандықтардан болатын жылу ауыртпалығы мазут жағатын су жылыту қазандықтарынан болатын ауыртпалықты азайтты. Сонымен қатар Сергей Михайлович көптеген өнертапқыштық ұсыныстарды жүзеге асыруға ықпалын тигізген.

18

- Жас ұрпаққа өз тілегемді білдіруге рұқсат етіңіз. Біріншіден, өз әріптестеріме және жас мамандарға кәсіби тұрғыда өсуді тілегім келеді. Жаңалықтардан қорықпаңдар, өз білімдеріңді шыңдаңдар, әрдайым алға ұмтылыңдар. Екіншіден, адам мүмкіндіктері шексіз екенін естеріңнен шығармаңдар. Үшіншіден, алдыңғы буын ағалардан артық болуға ұмтылыңдар. Олар жете алмаған белестерге сендер жетіңдер. Өз ісімізде үздік атануымыз қажет, алдымызда қандай бөгеттер тұрса да оларды тәжірибе деп қабылдаңдар. Ал тәжірибе – баға жетпес қазына болып табылады».

19

2019.01.11
2019.01.11

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng